Көлік саны көбейді

Облыс әкімі Архимед Мұхамбетов Қостанай қаласында 26 санитарлық автокөліктің кілтін табыстады. Бұл туралы аймақ басшысы "Инстаграм" желісіндегі парақшасында жазды.1"Әрбір машина облыс халқына шұғыл медициналық көмек көрсету үшін заманауи жабдықтармен жабдықталған, оған дефибриллятор аппараты, пациенттің тыныс-тіршілігін бақылауға арналған монитор, оттегі қоры жоғары ӨЖЖ аппараты, ЭКГ аппараты, аспиратор кіреді, — деп жазды А.Мұхамбетов. — Өңірлердің қажеттіліктерін ескере отырып, автокөліктерді бөлуді жүргізуді тапсырдым".2Одан әрі аймақ басшысы жаңа жұқпалы аурулар ауруханасына барғанын, жұмыс сапары барысында денсаулық сақтау басқармасының басшысы В.Ю. Дудниктің баяндамасын тыңдағанын хабарлады.46Коронавирус індетінің ықтимал жаңа толқынына қарсы дайындық шеңберінде ірге көтерген 200 кереуеттік жаңа инфекциялық орталықтың, оның ішінде 20 реанимациялық және қарқынды терапия нысанының құрылысы аяқталуға жақын. Аурухана ғимараты 8 блоктан тұрады.7"Орталық жоғары технологиялық медициналық және зертханалық жабдықтармен жабдықталған. Жұқпалы аурулар ауруханасы қабылдауды 10 қазанда бастайды. Қазіргі уақытта қажетті медициналық жабдықтар орнатылуда. Жоспарланған барлық жұмыстарды жедел режимде аяқтауды тапсырдым", — деп жазды облыс әкімі.8Архмед Бегежанұлының мәліметінше, өңірге 79 тыныс алу аппараты сатып алынып, уақытылы жеткізілген, тағы 85 отандық өндіріс аппаратын алдырту жоспарлануда. Сонымен бірге, жалпылай алғанда 267 тыныс алу аппараты бар көрінеді.
Көлік базасын жаңарту белсенді жүріп жатыр. Айталық, ұзын саны 110 санитарлық автокөлік сатып алынған, жедел жәрдем қызметі үшін елімізде өндірілген 50 реанимобильге қаржы жұмсалып, оларды өңірге жеткізу басталды.910

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓