Креативті педагог

Қостанай облысына "Серпін" бағдарламасымен оқуға келіп, Тобыл-Торғай өңірінде еңбек етуге қалған жас мамандардың қатары аз емес. Аз уақытта-ақ жемісті жұмыс істеп, шығармашылық табысқа жетіп жүрген дарынды педагогтер бар. Солардың бірі – Қостанай педагогикалық колледжі директорының орынбасары Арыстан Нұралыны Мұғалімдер күні қарсаңында оқырмандарымызбен таныстырғымыз келеді. 
Арыстан Нұралы Нұрланұлы Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтаарал ауданы, Абай ауылдық округінде туған. 2018 жылы Қостанай педагогикалық университетін «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығын «Мәңгілік ел жастары индустрияға» — «Серпін — 2050» бағдарламасы аясында тәмамдады. Еңбек жолын Қостанай педагогикалық колледжіне Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып бастады. Ол екі жыл уақыт аралығында  өзін жауапкершілігі мол, шығармашыл, сауатты және талапшыл маман ретінде көрсете білді.фото арыстан
Педагог өзі жүргізетін пәндерінің ғылыми негіздерін жетік меңгерген және оқытудың оңтайлы әдіс-тәсілдерін, соның ішінде  зерттеушілік және тәжірибелік-сараптамалық тәсілдерді шебер қолданады. Сонымен қатар қазіргі таңдағы әлем елдерінің тіл үйретуге арналған әдіс-тәсілдерін қазақ тілінде оқытпайтын топтардағы қазақ тілі сабақтарында тиімді пайдаланады. Білім алушылармен жұмыс жасау барысында  ақпараттық-коммуникативтік технологияларды, жаңартылған білім беру бағдарламасының элементтерін табысты пайдаланады.20f509de-9c0a-4333-a78e-c9ca4f1af605
12bb1a72-d610-4287-aa6d-bb1a187666a0Нұралы Нұрланұлының ғылыми жетекшілігімен шәкірттері халықаралық білім сынақтарында, республикалық байқауларда бас жүлделерді иеленіп жүр. Жас педагогтың өзі де қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен республикалық байқауларға қатысып, жеңімпаздар қатарынан көрінді. Былтыр М.С.Нарықбаев атындағы университетте өткен «Қазақ тілін креативті оқытудың үздік тәсілдері» атты республикалық байқауда «Креативті мұғалім» атанды. Колледж қабырғасында студенттердің «Ерке қыздар» жайдарман тобына және «Алаш болашағы» пікірсайыс клубына жетекшілік етіп келеді. Өзі де дебаттың бірнеше дүркін чемпионы. Оқытушы өзін-өзі жетілдіруге арналған біліктілік курстарынан өту арқылы білімін, тәжірибесін арттыруда. Әлеуетін облыстық деңгейде ашық сабақтар, шеберлік сабақтарын өткізумен дәлелдеп  келуде. Педагог білім беру саласымен ғана шектелмей, қоғамдық өмірге де белсенді араласып келеді. Білім және ғылым, қоғамның рухани дамуына қосқан үлесі үшін республикалық Ғ.Мұратбаева атындағы мемлекеттік жастар сыйлығының иегері атанды.
Педагог ынтымақтаса жұмыс істеуге әзір,  әріптестері арасында құрмет пен беделге ие. 99f05c10-68b2-4907-848b-1eb2249dcb74216b3b9e-683f-4ea5-bb3f-ce6423a1f3e7

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓