Жаңа тағайындау

сайт4

Аймақ басшысының өкімімен Қостанай облысы әкімінің орынбасары қызметіне Бақыт Амангелдіқызы Есімова тағайындалды.
сайт1
Бақыт Есімова 1984 жылы 29 қаңтарда Павлодар облысы Баянауыл ауданының Майқайың елдімекенінде дүниеге келген. Санкт-Петербор мемлекеттік инженерлік-экономикалық университетін (РФ) және Калифорния университетін (АҚШ) оқып тәмамдаған.
Бұған дейін Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінде мемлекеттік инспектор қызметін атқарды.
Бақыт Есімова ішкі саясат, мемлекеттік тіл саясаты, ұлтаралық қарым-қатынас, мектепке дейінгі балалар білім беру қызметтерін ұсыну, жалпы білім беру мекемелері, бастауыш және орта кәсіби білім беру мекемелері, мәдениет, дін, демография, жастар саясаты салаларына, шекаралық ынтымақтастық бағытындағы салаларға жетекшілік етеді.
сайт2
Облыстық және республикалық бағдарламаларды, облыстық комиссия жұмыстарын, әлеуметтік сала жөніндегі кеңестерді ұйымдастыру, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мен болдырмауын орындауды ұйымдастырады.
Бұған дейін облыс әкімінің орынбасары қызметін атқарған Марат Қонысбайұлы Жүндібаев  Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігіне мемлекеттік инспектор қызметіне ауысуына байланысты қызметінен босатылды.
 
Суреттерді түсірген Бердіболат Көркембаев.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓