Маңызды меморандум

Қостанайға жұмыс сапарымен келген ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Татарстан Президенті Рустам Миннихановпен  екі жақты келіссөз жүргізді. eaa8e1e0-6a40-4a9e-9a1b-27be25f5a5e3Маңызды құжатқа сәйкес, елімізде 261 млрд теңге инвестицияға үш бірлескен автомобиль жасау жобасы жүзеге асырылмақ. Мәселен, Қостанай  индустриялық аймағында «КамАЗ» шойын құймасын және жүк техникасының көпірлеріне арналған құрамдас бөлшектер өндіру зауыттарын салу, сондай-ақ Қарағанды облысының Саран қаласында автомобиль шиналары өндірісін ашу сияқты сүйекті жобалар бар. Қостанайда шойын құймасын және жүк техникасының көпірлеріне арналған компоненттерді өндіру зауыттарының құрылысына арнап тас қою рәсіміне РФ өнеркәсіп және сауда министрінің орынбасары А.Морозов, «КамАЗ» ЖАҚ бас директоры С.Когогин және «АгромашХолдинг KZ» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы А.Лаврентьев қатысты.d92a270d-68f3-49b0-bd6a-a0f4b44332ceБірлескен кәсіпорындардың жобалық қуаттылығы жылына 40 мың құйылған компонентке тең. Кәсіпорында  цилиндр блоктары, цилиндр блоктарының бастиектері және жүк автомобильдеріне арналған көпір картерінің тұтас құйылған арқалықтары және жүк автомобильдерінің жетекші көпірлерінің  86 мың редукторы тәрізді бһөлшектер шығарылады.  Инвестицияның жалпы көлемі — 150,7 млрд теңге. Шектес салаларды ескерсек,  шамамен 1 200 жаңа жұмыс орны құрылады. Өнімді жергіліктендіру деңгейі 60-70%-ке жетеді. Зауыттарды салуды 2023 жылы аяқтау көзделген. Жобаларды іске асыру Қазақстанды ТМД нарығындағы жүк техникасын ірі өндіруші жеткізушілердің жаһандық технологиялық тізбегіне қосады — «КАМАЗ» ЖАҚ – өнімнің 95%-ы экспортталады. a8f8d321-64a2-401a-ae28-b02bfa0ac31bА.Мамин мен Татарстан Президенті Р. Миннихановтың қатысуымен Қарағанды облысының әкімдігі мен «Татнефть» ЖАҚ арасында автомобиль шиналарын өндіру жобасын Қарағанды облысының Саран қаласында іске асыру туралы инвестициялық меморандумға қол қойылды. Зауыттың өндірістік қуаттылығы жеңіл техникаға арналған 3 млн шина мен коммерциялық техника және автобустарға арналған 500 мың шинаны құрайды. Мұнда 1 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылады. Инвестицияның жалпы көлемі шамамен 111 млрд теңгені құрайды. Жобаны 2022 жылы іске асыру жоспарланған. ҚР Үкіметінің басшысы автомобиль жасау саласындағы жаңа жобалар Қазақстан мен Ресей арасындағы өнеркәсіптік кооперацияның нақты практикалық кеңеюін айғақтайтынын атап өтті. «Автомобиль жасау саласындағы өндіріс көлемі жыл басынан бері 51,8%-ға ұлғайды, негізгі капиталға салынған инвестициялар 6,6 еседен астамға – 9,4 млрд теңгеге дейін артты», — деді Асқар Мамин. Үкімет басшысына ауыл шаруашылығы техникасын жинау және кәдеге жарату зауытын, сондай-ақ «КАМАЗ» инжиниринг орталығын ашудың бірлескен Қазақстан – Ресей жобалары таныстырылды. Іс-шара аясында автомобиль жасауда бірлескен жобаларды іске асыру бойынша 8 келісімге, оның ішінде көлік құралдары мен ауыл шаруашылығы техникасына компоненттерді өнеркәсіптік құрастыру туралы келісімге, инвестициялық келісімшарттарға, қаржы лизингі, ұзақ мерзімді жеткізу шарттарына, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу және машина жасау үшін кадрларды даярлау мәселелері бойынша ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. 49b5f3e2-67b1-4857-aa49-204c1e35a131Жұмыс сапары барысында ҚР Премьер-Министрі А. Мамин ресейлік «КАМАЗ» және «Татнефть», өзбектің «UzAuto» компанияларының басшылығымен автомобиль жасау саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту келешегін талқылады. Сондай-ақ «СарыарқаАвтоПром» ЖШС қызметімен, оның ішінде өндіріске әзірленіп жатқан JAC автомобилінің жаңа үлгілерімен танысты.
Әлібек ЫБЫРАЙ

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓