Ардагер алғыс айтты

Қостанай ауданының Полиция бөліміне Ішкі істер органдарының ардагері Анатолий Чернавиннен алғыс хат келіп түсті.
Тобыл қаласының тұрғыны полицейлерге үйлерін және гараж құрылыстарын су басқан кезде мүлкін құтқаруға қолдан келген көмегі үшін алғыс білдіреді.
Зейнеткердің айтуынша, 2020 жылдың 15 қыркүйегінде оның үйінде жаңбырдың салдарынан кәріз үзілген. Үйге жер асты суы мен кәрізден су кірді. Жағдай күрделене түскен, өйткені үйге толған су бір метрдей биіктікке жеткен.dbb661b0-ffc2-41d6-adc7-eb77fd87f2cb"Жағдай өте ауыр болды. Үйдің гаражында көптеген заттар, тамақ болды. Мен полиция бөлімінің бастығы Мұхтар Жайлаубековтен көмек сұрауға шешім қабылдадым, аудандық полиция басшысы дереу өзі келіп, бірден авариялық қызметті шақырды", — дейді Анатолий Чернавин.
Бірақ коммуналдық қызметкерлер ақауды жоюға тырысып жатқанда Анатолий Чернавин Мұхтар Балтабекұлынан гараждағы заттарды судан құтқаруды өтінеді. Содан кейін қосымша келген қызметкерлер заттарды қауіпсіз жерге көшірген. Осылайша, полиция ардагерінің мүлкін құтқарып қана қоймай, су басудың алдын алды.
Түнгі сағат 12-ден кейін полиция бөлімінің басшылығы Анатолий Чернавинге тағы да келген.
"Қызметкерлер маған келіп, денсаулығымды сұрап, тағы не қажет екенін сұрады. Мұндай мейірім, адами әрекет көп нәрседен хабар береді. Бұл – кадрларды дұрыс таңдау мен тәрбиелеудің нәтижесі. Ал, ең бастысы, бұл полиция бөлімінің бастығы Мұхтар Жайлаубековтің ықыласы мені ерекше тәнті етті", — дейді Анатолий Чернавин.
Аудандық Полиция бөлімінің басшылығы өз ардагерлеріне, қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан қызметкерлердің жесірлеріне, сондай-ақ өмірлік қиын жағдайға тап болған аудан тұрғындарына тұрақты түрде қолдау көрсетіп, көмектесіп отырады.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓