Әріптестік – әлеуетті фабрика үшін

Қостанай облысында жылына 20 мың тоннаға дейін құс етін өндіретін жаңа құс фабрикасы салынуда. Оған жұмсалатын қаржы әр тиынына дейін бақылауда болуы үшін "Poultry-Agro" ЖШС мен облыстық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өзара келісімге қол қойды.   3d4b18da-7dc1-4c50-8add-75fb4b656353
2021 жылы Қостанай облысында жаңа инвестициялық жоба іске асады. Нақтырақ айтқанда, жылына 12,5 мың тонна құс етін өндіретін фабрика жөндеуден өтуде. Бұл кәсіпорынның жылдық қуаттылығы 20 мың тоннаға дейін біртіндеп ұлғайтылады.  "Poultry-Agro"  ЖШС жобасының құны 5,5 млрд теңге тұрады. Бұл инвестжоба аясында 250-ден астам жаңа жұмыс орны ашылады. Жобаны іске асыруға "Тобол" ӘКК" АҚ, "ҚазАгроФинанс" АҚ, "Қазақстанның Халық банкі" АҚ,  "ЭСК "Kazakh Export" АҚ, "ДАМУ" АҚ, Қостанай облысының және Қарабалық ауданының әкімдігі демеу көрсетуде.
Инвестициялық жобаны іске асыру кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін барынша азайту мақсатында "Protecting Business and Investments" жобасы аясында Қостанай облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет және "Poultry-Agro" ЖШС арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы келісімге қол қойылды. Қол қою рәсімі өткен күндері "Қостанай — адалдық алаңы" жобалық кеңсесі алаңында өтті.
Қостанай облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысы Қуаныш Бекбасовтың айтуынша, мұндай серіктестік – бизнес субъектісіне мемлекеттік органдар тарапынан бюрократиялық кідірістер мен припондардан аулақ болуға жол ашатын мүмкіндік, оның орнына кәсіпкер сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің туындауына себепші болмай және "бармақ бастыға" жағдай тудыртпай, адал жұмыс істеуге, бизнесті адал жүргізуге міндеттеледі.
Бүгінгі таңда "ProtectingBusinessandInvestments" жобасының табысты іске асуы арқасында 180 млрд теңгеге өз жобаларын ілгері тартып жатқан 44 бизнес нысаны өкілдерін қорғауға мүмкіндік туды. Алайда, инвесторлардың құқықтарын қорғау кеңсесінің мамандары атап өткендей, жақын арада келісімге отыратын кәсіпкерлердің саны бірнеше есе артады. Бұған тек осы жылдың өзінде ғана жүгінген 100-ден астам кәсіпкерге құқықтарын қорғау бойынша көмек, сондай-ақ консультативтік және практикалық жәрдем көрсетілгені дәлел.
"Жоспарлар таяудағы онжылдыққа бағдарланған. Кәсіпкерлердің проблемаларын шешу тұрғысында бізге тұрақты серіктестеріміз белсенді көмектеседі. Олардың ішінде ең әлеуеттілері – "Қазақинвест" АҚ, Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы, сондай-ақ Кәсіпкерлер Палатасы" — деп түсіндіреді "Protecting Business and Investments" жобалық кеңсесінің басшысы Юлия Ярошенко.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓