Адалдық алаңында – облыс әкімі

Бүгін Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов «Қостанай – адалдық алаңы»  жобалық кеңсесі алаңында «Antikor Live» жобасы аясында «Ашықтық, үйлесімсіздік және әкімдіктердің қолжетімділігі» тақырыбында сөз сөйледі. Аймақ басшысы бұл туралы "Инстаграм" желісіндегі парақшасында жазды.аким"Жергілікті атқарушы органдар сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелеріне ерекше назар аударуда. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға қарсы іс-қимыл және алдын алу жөніндегі іс-шараларды айқындайтын бағдарламалық құжаттарды іске асыру бойынша шаралар тұрақты негізде қабылданады.
«Өңірлер – сыбайлас жемқорлықтан ада» жобасын іске асыру аясында 2018 жылдан бастап «Қостанай – адалдық алаңы» жобалық кеңсесі жұмыс істейді, оның мақсаты азаматтар үшін кедергісіз және жайлы жағдайлар жасау, тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жою, сондай-ақ парасаттылық, адалдық және әділдік сияқты қағидаттарды тарату болып табылады. Құрметті қостанайлықтар! Егер сіздерді толғандыратын сұрақтарыңыз немесе ұсыныстарыңыз болса, пост түсініктемелерінде көрсетуді сұраймын", — деп жазды облыс әкімі.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓