Жылуды ерте қостыруға рұқсат

Қостанай қаласында көп пәтерлі үйлерге жылуды 28 қыркүйекке дейін қостыруға мүмкіндік бар. Бұл туралы "ҚЖЭК" МКК баспасөз хатшысы хабарлады.Без названия
Облыс орталығында жылыту маусымы 28 қыркүйекте басталады. Бірақ көп пәтерлі үйлердің көбі қазірден-ақ өтінім беріп, жылу қостыруына болады. Алайда бұл санатқа жылу есептегіш құрылғысы бар үйлердің иелері ғана ілігеді.
"егер жылу есептеудің жалпыүйлік құрылғысы (ЖЕЖҚ) ақаусыз әрі оған мамандандырылған ұйымдардың бірі қызмет көрсететін болса, онда үй сақшысы тұрғындар арызы негізінде ҚЖЭК канцеляриясына өтініш беруі тиіс. Ал біз өтініштерді ПИТК-ге жібереміз, тиісінше, олар үйге жылу қосады. Егер үй сақшысы болмаса, тұрғындардың ұжымдық өтініші қабылдана береді. Бастысы, егер үйде заңды тұлға болса, одан жылу энергиясын қосуға рұқсат алу керек. Егер үйде ЖЕЖҚ болмаса немесе ол жалпы мүлік құрамына қосылмаса, жылуды мерзімінен бұрын қостыру мүмкін емес", — дейді баспасөз хатшысы Салтанат Хасенова.
 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓