Құс тұмауына байланысты карантин енгізілді

Қостанай облысында құс тұмауының алғашқы жағдайлары тіркелді. Облыстағы Сарыкөл, Ұзынкөл және Меңдіқара аудандары карантинге жабылды.

Облыстық ветеринария басқармасының басшысы Самат Қалиевтің айтуынша, ірі құс фабрикаларында өлім жоқ. Сарыкөл ауданындағы Маяк ауылы, Ұзынкөл ауданы Сокол және Меңдіқара ауданындағы Красная Пресня ауылдары тұмаудың ошағы болған. Жеке үйлердегі  384 құс өлген. Барлығы жойылды.

Осы үш ауылдың аумағында 21 күнге карантин енгізілді (құс өнімдерін экспорттауға тыйым салынды). Кейін сараптама үшін құстан қан алынады. Егер диагноз расталса, карантин ұзартылады.

«Облыста жоғары патогенді құс тұмауына қарсы 21 мың доза. Қазір екпе басталды», — деді Қалиев.

Самат Қалиев мұндай қауіпті уақытта құс пен жұмыртқаны рұқсат етілмеген сауда орындарынан сатып алмау керегін ескертті.

Сонымен қатар, санитар дәрігерлер қолды жиі жуу, маска тағу, дымқыл майлықтарды қолдану қажеттілігі туралы айтады. Аурудың алғашқы белгілері пайда болған кезде шұғыл түрде дәрігермен кеңесу қажет. Бірақ бұл инфекция адамнан адамға жұқпайды.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓