Инклюзивті қоғамға қадам

Рудныйда қостанайлық психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінің құрылымдық бөлімшесі ашылды. Салтанатты шараға Қостанай облыстық білім басқармасының бөлім басшысы Гүлнәр Досмұхамедова қатысты.
Ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларға арналған Рудный арнайы мектебінің қабырғасында орналасқан жаңа орталықта ата-аналар өз балаларын логопед, дефектолог, әлеуметтік педагог, психолог сияқты мамандарға көрсетіп, олардың кешенді кеңес-көмегін ала алады. Сондай-ақ мұнда Монтессори және емдік дене шынықтыру кабинеттері жұмыс істейді.
– Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында балалық шақты қорғауға, олардың тәрбиесі мен дамуына барлық жағдай жасау керектігін алға тартты. Осы орайда Рудныйдағы кабинет – инклюзивті білім беруге деген алғашқы қадам деп есептеймін. Өйткені кеншілер қаласында 1800-ден аса оңалтуды қажет ететін бала бар. Олардың төрттен үш бөлігі мектептер мен балабақшалардың арнайы топтарында білім алып келеді, – дейді Гүлнәр Досмұхамедова.
Жаңа кабинетте 150 балаға мемлекеттіқ қызмет көрсету және 45 тәлімгерді кесте бойынша оқыту жоспарланып отыр.
_1130834 _1130852 IMG_3033 IMG_3045 IMG_3059
Қуаныш ЕСҚАБЫЛ
Толығырақ газетте

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓