Дамудың жаңа жоспары

ppПрезидентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев биылғы жолдауын "Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі" деп атады. Биыл еліміз бұрын-соңды болып көрмеген күрделі жағдайда тап болды. Әлемді аяғынан тік тұрғызған пандемияны дүниежүзілік қарусыз майданға теңеуге болатындай.
Коронавирустың да азамзатқа жасаған соққысы зілдей ауыр болды, көзге көрінбейтін жау – қатерлі инфекция жер жүзінен миллиондаған жанның өмірін ұрлады. Біздің елімізді де айналып өтпеді. Бірақ, қанша ауыр зардабы тисе де, Президентіміз осы жаман індетпен күресте халқымыз ауызбірлік таныта алғанын айтты. Дәрігерлерге, тәртіп сақшыларына, қарапайым адамдарға, еріктілерге алғысын білдірді.
Үкімет тарапынан дер кезінде көрсетілген қолдау-көмек халықтың сенімін, ерік-жігерін оятты. Пандемияны жеңу үшін кемінде 2 жыл қажет екен. Бұл – дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының тұжырымы. Ал әлсіреген экономиканы қалпына келтіру үшін кемінде 5 жыл қажыр жұмсау қажет болуы мүмкін. Ол үшін басқару тетіктерін жетілдіріп, жаңаша тұрпатта ойлайтын қабілетті жастарды жұмылдыру керек. Сондықтан саннан сапаға көшу көзделіп отыр. Мемлекеттік және квазимемлекеттік сектор қызметкерлерін биыл 10 пайызға, келесі жылы тағы 15 пайызға қысқарту міндеттелді.
Сол арқылы мемлекеттік қызметкерлердің жалақысы артып, жемқорлық тәуекелдері төмендейді деген сенім бар. Білім, денсаулық, құқыққорғау саласына жасалғалы отырған демеулер көңіл көншітеді. Мемлекет басшысының Жолдауы тағы да іркіліссіз ілгерілеудің жаңа жоспарын құрып берді деп ойлаймын.
 
Балтасар Ізтілеуов,
ақын,
Есір ауылдық клубының меңгерушісі

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓