Екі ауданға әкім тағайындалды

Бүгін өңір басшысы әкімі Архимед Мұхамбетовтің өкімімен Жансұлтан Қоңыртайұлы Таукенов Қостанай ауданының әкімі болып тағайындалды. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.
сайт 1
«Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов Қостанай аудандық мәслихатының депутаттарымен келісе отырып, өз өкімімен Қостанай ауданының жаңа әкімі Жансұлтан Таукеновты тағайындады және жергілікті активке таныстырды», — делінген баспасөз хабарламада.
Жансұлтан Таукенов 1975 жылы 5 қазанда Қостанай облысы Амангелді ауданының Байғабыл ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары. Бұған дейін «Қостанай облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы» ММ басшысы қызметін атқарды.
сайт 2
Ал Қостанай ауданының бұрынғы әкімі Виктор Радченко Қарасу ауданының әкімі болып тағайындалды. Оны аудан активіне облыс әкімінің бірінші орынбасары Ғауез Нұрмұхамбетов таныстырды.
Виктор Николаевич Радченко 1967 жылы 1 қарашада дүниеге келген. М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-техникалық университетін және Қазтұтыну одағы Қарағанды экономикалық университетін бітірген.
 
Суреттерді түсірген Бердіболат Көркембаев

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓