Дәрімен қамтудан қам жемейміз

денсаулыӨңірімізде жыл сайын денсаулық саласына бөлінетін қаражаттың 10%-і дәрі-дәрмекке бағытталады әрі бұған жыл сайын сұраныс та, қаржы көлемі де артып келеді. Биыл тұтыну көрсеткіші бойынша амбулаториялық қамтамасыз ету мақсатында республикалық бюджеттен 1 млрд 86 млн, жергілікті бюджеттен 180 млн теңгеге вакцина сатып алуға өтінім берілген. Ал дәрі-дәрмекке ел қазынасынан 8,3 млрд, облыстан 251 млн теңге, стационарлық қамтуға республика қазынасынан 5 млрд теңгеге жуық қаражат қарастырылған.
Осы және өңірдегі дәрі-дәрмекпен қамтылу мәселелері жөнінде облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Вячеслав Дудник аймақ әкімдігінде өткен кеңейтілген жиында мәлімдеді.
— Бүгінгі таңда амбулаториялық емдеуге 5,8 млрд теңгенің дәрі-дәрмегі жөнелтілсе, оның 3,9 млрд сомасы игерілген. Карантин кезінде препараттарды пациенттердің үйлеріне жеткізу жұмыстары жүргізілді. Осы мақсатта тұңғыш рет медициналық мекемелерге көмекке еріктілер жұмылдырылды. Олар екі ай бойы денсаулық саласына жәрдем көрсетті. Ал стационарлық бағыттағы дәрі-дермектер Бірыңғай дистрибьютерден сатып алынады. Қазір осы мақсатқа 3,4 млрд теңгенің препараттары жөнелтілді. Бірыңғай дистрибьютер тізіміне кірмейтін медикаменттерді Ұлттық формулярда бар емдеу мекемелері өздігінен сатып ала алады. Ем-доммен қамту жағдайы тұрақты. Алайда Бірыңғай дистрибьютер арқылы сатып алынбаған препараттарға қатысты және эпидемия кезінде басқа мемлекеттерде өндірілген дәрі-дрмектерді жеткізу жағынан түйткілдер туындап жатыр, — деді В.Дудник.
Басқарма басшысы сондай-ақ, COVID-19 індетінің алдын алу мен емдеуге арналған негізгі 85 түрлі медикаменттің қатары үнемі толығу үстінде екенін жеткізді. Атап айтқанда, антибиотиктердің (Цефтриаксон 155 мың құты, Левофлоксацин 9 мың., Цефепим 21 мың) екі айға, антикоагулянттар (Клексан 10 мың шприц, Фраксипарин 4 мың шприц, Гепарин 18 мың құты) мен гормоналдық (Преднизолон 107 мың ампула, Дексаметазон 79 мың ампула) препараттардың 50 тәулікке жететін қоры бар. 1 қазанға қарай дәрі-дәрмектің екі айлық қоры жинақталады. Ал 15 қыркүйектен тұмаудың алдын алу мақсатында вакцина салу науқаны басталып кетті. Өңірде 70 мың доза вакцина сатып алынған, тағы 28 мың дозаға тапсырыс беріліп қойыпты.
— Жеке қорғану құралдарын сатып алуға Үкімет резервінен 895 млн, жергілікті бюджеттен 418 млн теңге бөлінді. Оған бір рет және ұзақ мерзімге қолдануға арналған қорғану костюмдері, бетперделер, қолғаптар, антисептиктер, медикаменттер алынды. 2 айлық қор жинақтау мақсатында облыс қазынасынан қосымша 14 мың қорғану костюмін сатып алу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Коронавирустық инфекциямен күрес кезеңінде көрсетілген гуманитарлық көмек аз болған жоқ – 8 мың бір реттік қорғану костюмі, 170 мың маска, 144 мың қолғап жәрдем көрсетілді, — деді басқарма басшысы.
 

 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓