Қолма-қолдан – электронға

1 қарашадан бастап Қостанайдағы қоғамдық көліктер жол ақысын электронды түрде қабылдай бастайды. Бұл үшін 300-ден астам автобусқа валидаторлар орнатылады. Бірақ оны пайдалану үшін қостанайлықтардың қолында арнайы карта болуы тиіс. Ал жол жүру құнын қолма-қол төлеу тарифі қымбаттайды.валидаторМаршруттық автобустарда электронды жолақыны қолданысқа енгізу – Қостанайда көптен бері талқыға түсіп жүрген мәселе. Әуел баста валидаторлар 2019 жылдың аяғына қарай әр автобусқа орнатылады деп жоспарланған-ды, бірақ оған демеуші табылмай қалды. Ақыры, мұны іске асыру осы жылдың көктеміне шегерілді. Бұл жолы демеуші табылды – жобаға алматылық компания қолдау білдіруге ниет білдірді. Дей тұрғанмен, ақырына дейін келісімге келу мүмкін болмай, мерзімді тағы жыл аяғына созуға тура келген.
"Бүгінде қалалық әкімдік пен қызмет көрсетуші ұйым арасында Қостанайда электронды төлем енгізу туралы үш жақты меморандумға қол қойылды. Жол құнын төлеудің электронды жүйесін енгізудің қадамдық жоспары жасалды", — деді Қостанай қаласы әкімдігінің ТКШ, жолаушылар көлігі және автожол бөлімінің сектор жетекшісі Нұралы Есіргепов.
Жоспар бойынша, 1 қарашадан бастап, барлық қалалық және қала маңына қатынайтын автобустардың барлығына валидатор орнатылады. Құрылғылар шопыр орындығы маңына бекітіледі. Ең басты ескерер жайт – валидатор орнатылған соң бір айдан кейін, яғни 1 желтоқсаннан бастап тариф құны өзгереді. Баға дифферециалды болады. Түсініктірек айтқанда, қыстың алғашқы мезгілінен бастап, жол құнын қолма-қол төлеу қымбаттайды, сондай-ақ ол балалар болсын, мүгедектер немесе зейнеткерлер болсын – барлық деңгейдегі азаматтарға ортақ болады. Нақты баға әлі бекітілген жоқ. Дей тұрғанмен, қолма-қол төлеу құны 150 теңгені құрауы мүмкін. Ал картасы бар адамдарға жолақы бұрынғы күйінде қалады. Айтпақшы, жеңілдікке мұқтаж азаматтарға мұндай карталар тегін беріледі.
"Мектеп оқушыларына білім бөлімі арқылы, зейнеткерлерге әлеуметтік қорғау бөлімдері арқылы жеңілдік карталары беріледі. Бұл карталар тегін үлестірілуі мүмкін, бірақ оған белгілі мөлшердегі шектеулі баланс салынатын шығар", — деп түсіндірді Н.Есіргепов.
Маманның айтуынша, мұның барлық механизмі әлі пысықталып жатыр. Бірақ, шенеуніктер жоспарына сәйкес, қостанайлықтар элкетронды карталарды жүргізушілерден, не болмаса арнайы сауда нүктелерінен алатын болуы мүмкін. Бұл жайында кейінірек хабарланады. Ал карталарға банктік мобильдік қосымшалар және терминалдар арқылы теңгерім жасауға болады.
"Валидаторлардың өзі қазан айының орта шеніне қарай әкелінеді. Әуелі құрылғыны монтаждау жұмысы жүргізіліп, жүргізушілерге, қызметкерлерге бұл құрылғыны және картаны пайдалану тетіктері үйретіледі. Содан кейін ғана жол ақысын төлеу жүйесі іске қосылады", — дейді сектор жетекшісі.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓