Көнеліктің жаңалықтары

Тобыл-Торғай топырағы қатпары терең тарихтың қаншама құпиясын жасырып жатыр десеңізші. Ақтарған сайын ақпарға байытып, көне заманның жаңа жәдігерлерін "тарту етуден" танған емес. Соңғы жылдары, әсіресе, қола дәуірінің, андроновтар өркениетінің ескерткіштері көп кездеседі. Археологтар биыл да аз олжаға кенелген жоқ. Тіпті, тарихымызда бұрын-соңды болмаған жаңалықтар ашылды.     More than one thousand of valuable artefacts are found near Krasnoyarka, a village at a distance of 50 kms from Omsk. All finds belong to so called Sargat culture and are dated 3-2 thousand years B.C. Archaeologists camp.
 
Ат мініп, арба жеккен…
Халықаралық ғалымдар тобы андроновтықтар атқа мінуді баршамызға тарихтан мәлім уақыттан бірнеше ғасыр бұрын меңгергенін дәлелдеді. Оқымыстылардың мұндай байламға келуіне Лисаков қаласына жақын жердегі "Новоильиновский-2" қорымдар жүйесінен табылған бес қорғанды зерттеу нәтижелері себеп болған.
Бұл маңда Е.Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің археологы Эмма Усманова бірнеше ондаған жыл бойы зерттеу жұмыстарын жүргізіп келеді. Енді оның қатарына РФ Оңтүстік Орал мемлекеттік университетінің Еуразиялық зерттеу ғылыми-білім беру орталығының аға қызметкері, антропология ғылымының PhD-маманы Игорь Чечушков бастаған ғалымдар қосылды. 
Шамамен, 3,5 мың жыл бұрын бұл аймақта қола дәуіріне тиесілі андронов өркениеті қанат жайған. Бұл дәуірдегі ежелгі адамдардың басқалардан айырмашылығы – жылқы шаруашылығына бейім болуы. Олар бұл жануарды азық ретінде ғана емес, дөңгелекті арбаға жегуге және мініске пайдаланған. Бұған "Новоильиновский-2" қорымынан табылған жылқы қаңқалары айғақ. article89595
(иесімен бірге көмілген жылқылар қаңқасы)
Ғалымдар көмілген жылқылардың жорамалды жасына баса мән берді: айғырдың жасы 20-ның маңайы, ал бие шамамен 18 жастың айналасында екені анықталды. Бұлардың жасы азық етуге қолда ұсталатын жануарлар үшін тым ұзақ. Жылқы қаңқаларының маңынан ежелгі жүгендердің қалдығы да табылды. Зерттеушілердің осы олжаларды айғақ ретінде ұсынып, бір ауыздан жасаған болжамдарына сүйенсек, андроновтықтар көз жұмғанда меншігіндегі жануарлары құрбандыққа шалынып, бірге көмілетін болған… Зерттеу жұмыстары әлі жалғасып жатыр.
 
Ең ескі әрі ең жаңа…
Таяуда қола дәуіріне тиесілі бұған дейін белгісіз болып келген тағы бір оба табылды. Қостанайлық аргеологтар Қаратомар қорымында жоспарлы қазба жұмыстарын жүргізіп жүріп, тарихи олжаға кездейсоқ тап болды.
А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің ғалымдары мен студенттері шілде айында екі апта бойы қазба жұмыстарымен шұғылданды. Жоспар бойынша, олар өздеріне етене таныс Қаратомар қорымын зерттеп-зерделеулері керек-тін. Бірақ саяхатшылар ойламаған жерден қола дәуірінің бұрын-соңды беймәлім болған тағы бір құпиясының үстінен түсті. Көне оба Береговой елді мекені маңынан табылды.9-3
(ағаш қабығынан жасалған ыдыс)
 "Бізге жергілікті тұрғындар керамика, ыдыс сынығы сынды археологиялық жәдігерлерді әкеп берді. Олар меңзеген жерге барғанымызда агехолгиялық ескерткіш – қорымның қалдықтарына тап болдық. Бұлар – қола дәуірінен қалған белгі, дегенмен әлдеқайда ертерек кезеңіне тиесілі. Қорымның жағалау жақтағы бөлігін су әбден мүжіген және орлардың жартысы толығымен бұзылып бітіпті, ал жартысы тып-типыл, жермен-жексен болудың алдында тұр", — дейді Ахаң атындағы ҚӨУ археологиялық зертхана жетекшісі Андрей Логвин.
Осы себептен, дереу "құтқару" қазбаларын жүргізуге тура келді. Өйткені әшекейлі бұйымдар мен ыдыстар қорымның жағалауға жақын бетінде қалған.
"Жорамалымызша, бұл балалардың қорымы болуы тиіс. Шұңқырлардың көлеміне және өзге де дәйектерге қарап, осындай болжамға сүйенеміз. Біз қазып, тазалаған шұңқырларда сүйек қалмаған деуге болады. Бар болғаны, өртелген ұсақ сүйектер ғана табылды. Ал бұл бізге өлік өртеу рәсімінен айғақ береді", — деп тәптіштеді А.Логвин.
Ендігі шаруа – бұл артефактілерді зертхана жеткізу, олардың құпиясын ашу. Әйткенмен, әзірге зертхана қызметкерлері жаңа қорым табылмай тұрып, Қаратомар обасынан табылған жәдігерлерді зерттеп жатыр. Олар да олқы олжа емес көрінеді. Мәселен, солардың бірі – тоз-қабықтан жасалған өте сирек кездесетін ыдыс. Өкінішке қарай, ол шіріп-үгіле бастаған. Жақсырақ сақталған бір жақ бөлігінен биіктігін болжауға болады. Мамандар ыдыстың түбі арқылы диаметрін есептеу де қиын емес екенін айтады. Нақ мұндай тоз ыдыстың біздің заманға дейін жетуі өте сирек құбылыс екен. Мәселен, осы ыдыстың жасалғанына 3 мың жылдан асқан-мыс. Тағы бір археологиялық табыс – ұсақ моншақтар. Бұлар жердің қатпар-қыртысынан нағыз тәжірибелі, қырағы мамандардың ғана көзіне ғана шалынады. Ежелден жеткен ескерткерткіштер қатарында қола білезіктер, пышақтар және күйіктастар бар. Барлығы зертханада зерттеліп болысымен, облыстық тарихи-өлкетану музейінен орын табады.99-1
(ұсақ моншақтар)
Ал қызметкерлер келесі жазда Береговой қорымында қазба жұмыстарын жалғастыруға  ниеттеніп отыр. Олардың әлдеқайда құнды жәдігерлер және адам сүйектерінің қалдықтарын тауып қалармыз деген үміттері бар. 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓