Филармонияға жаңа басшы келді

Е.Өмірзақов атындағы облыстық филармония жетекшісінің міндетін атқарушы болып, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, Мемлекеттік сыйлық лауреаты Сүндет Байғожин тағайындалды. Бұл туралы Қостанай облысы әкімдігінің Мәдениет басқармасы басшысы Ерлан Қалмақов өзінің "Фейсбук" желісіндегі парақшасында хабарлады.119485567_929220367587660_7596667588751713963_o
"Е.Өмірзақов атындағы Қостанай облыстық филармониясының басқару міндеті ҚР еңбек сіңірген қайраткері, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Сүндет Абдрахманұлы Байғожинге жүктелді. Қостанай өңірінің талантты тумасы туған жерде бар күш-жігерін салып еңбек етіп, үлкен шығармашылық ұжымды жаңа белестерге жетелейді деп сенім артамыз", — деп жазды басқарма басшысы.119471600_929220387587658_977069665109762022_o

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓