Қостанайда Therma Park ашылды

Қостанайда Therma Park кешені іске қосылды. Нысанның ашылуына облыс әкімі Архимед Мұхамбетов қатысты.
Мухамбетов 2020-09-14 at 12.27.23 (2)
Үш қабатты ғимаратта түрлі 4 бассейн, 24 сауна және барлар бар. Kostanay Plaza сауда, ойын-сауық орталығына жапсарлас салынған кешеннің аумағы – 68 мың шаршы метр. Екі нысанның арасын дәліз байланыстырып тұр.
WhatsApp Image 2020-09-14 at 12.27.22
WhatsApp Image 2020-09-14 at 12.27.23 (1)
WhatsApp Image 2020-09-14 at 12.27.20 (1) WhatsApp Image 2020-09-14 at 12.27.20
«Therma Park алаңы ауқымды: 18 мың шаршы метр. Сауда орталығының екінші ғимаратында 183 көлікке арналған автоматтандырылған паркинг және 600 көлікке арналған ашық тұрақ бар. Яғни, қос нысанның көшедегі тұрағына бір мезетте мың автомобиль сыйып кетеді», – деп таныстырды кешенді салушы фирманың директоры Игорь Ким.
Мухамбетов 2020-09-14 at 12.27.16Therma Park кешенінің басты ерекшеліктері – бірінші қабаттағы теңіз суы бассейні мен екі жылы хауыз. Соңғылары ашық аспан астында, кешеннің төбесінде орналасқан. Олар қыста да жұмыс істей береді. Екі бассейндегі ыстық судың температурасы 30 градус деңгейінде. Жан-жағы қоршалған. Қатты аязда ашық алаң үлдірмен (пленка – ред.) жабылады. Теңіз суы бар бассейндегі арнайы қондырғы тұзды (NaCl) Na+ және Cl-ге электролиз арқылы бөлуге мүмкіндік береді. Осылайша, тұздан суды залалсыздандыратын табиғи хлор шығады. Бұл суда жағымсыз иістің болмауына сеп.
WhatsApp Image 2020-09-14 at 12.27.19 WhatsApp Image 2020-09-14 at 12.27.18Кәсіпкерлер жұртшылықтың жағдайын назарда ұстаймыз деп отыр. Әсіресе, қымбат шипажайларға баруға мүмкіндігі жоқ тұрғындар үшін қолайлы жағдай жасалмақ.
WhatsApp Image 2020-09-14 at 12.27.14Зейнеткерлерге екі сағатқа кіру – 600 теңге, ал басқа басқа адамдарға сағаты – 800 теңгеден, 3 жасқа дейінгі балаларға тегін. «Шектеусіз» тариф бағасы – 3 мың теңге. Осынша төлем жасап, келушілер бассейндерге, моншалар мен сауналарға кіре алады. Массажға, басқа да процедураларға немесе ауқаттанып алам десеңіз, оған бөлек төлейсіз.
WhatsApp Image 2020-09-14 at 12.27.15 WhatsApp Image 2020-09-14 at 12.27.12 WhatsApp Image 2020-09-14 at 12.27.23«Өздеріңізге белгілі, Kostanay Plaza нысаны 2017 жылы іске қосылды. Екі кешеннің жалпы көлемі – 99 мың шаршы метр. Мұндай ірі сауда, ойын-сауық кешендері біздің елде Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында ғана бар. Екі кешенде 250-ге жуық кәсіпкер бизнесін дамытады. Олар 1150 жұмыс орнын ашып отыр. Қала тұрғындары мен қонақтарға барынша жағдай жасалған. Туристер көп келеді деп ойлаймыз», — деді облыс әкімі Архимед Мұхамбетов.
WhatsApp Image 2020-09-14 at 12.27.12 (1)Нысан құрылысына жергілікті атқарушы билік жан-жақты көмек көрсеткен. Аймақ басшысының айтуынша, кешен жұмысын мінсіз ету үшін жеке ірі электр станциясы тұрғызылған.
Пандемия бәсеңдеп, жағдай тұрақталған кезде аталған кешенде бір мезетте 1600-ге дейін адам демала алатын болады.  
СОО-да салынған Therma Park Ресейдің Ижевск қаласында да бар. Негізгі идея сол жақтан алынғанымен, Қостанайдағы кешенді жергілікті мамандар жобалаған.
Аслан ҚАНҒОЖИН
Суреттерді түсірген Бердіболат КӨРКЕМБАЕВ

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓