Мектепке жол: «Балаға мейірім сыйла»

мек жол
Дәстүрлі «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы биыл ерте басталды. Бұдан былай «Мектепке жол» акциясы екі ай ғана емес, жыл бойы жалғасатын болады. Шараның негізгі мақсаты – аз қамтылған, көп балалы және тұрмысы төмен отбасылардың балаларына, жетім балаларға ата-ананың қамқорлығынсыз қалған  балаларға жаңа оқу жылына дайындық кезеңінде және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке бармауының алдын алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету.
Қолыңнан келсе, жақсылық жасағанға не жетсін. Биылғы ерекше оқу жылында, қазіргідей қымбатшылық қысып, кейбір отбасылардың жағдайы төмендеп тұрған уақытта бір теңгенің өзі үлкен көмек7
Қостанай қаласының №24 бастауыш мектеп-гимназиясында да осы игі іс жалғасын табуда. 2020-2021 оқу жылында мектебімізде көмекке мұқтаж 13 оқушы анықталды. Осы оқушылар 58870 теңге көлемінде мектептің жалпы оқу қорынан оқу құралдарымен қамтамасыз етілді. Мектеп әр оқушыға арнайы жұмыс дәптерлер блогын тегін берді. Акция аясында мектебіміздің белсенді ата-аналары А.Барлыбаева, Г.Қарабекова, Г.Ходжанаровалар аз қамтылған отбасы балаларына жаңа үлгідегі балалар киімдерін сатып әперді. Мектеп ұжымы да қаржылай көмектерін берді. Әсіресе, бастауыш сынып мұғалімі Закира Асылбекқызын ерекше атап өткім келеді. Жылда осы акцияға өз тарапынан қайырымдылық жасап, өз үлесін қосады. Көмек қолын созған ата-аналар мен ұстаздар қауымына алғысым шексіз.
сайт1
Адамға жақсылық жасау, қайырымдылық көрсету халқымыздың мақтан етерлік дәстүрлерінінің бірі. Сөз соңында, қайырымдылық акциясының жалғасын табатындығын хабарлай отырып, өз үлесіңізді қосу арқылы бүлдіршіндердің жүзіне қуаныш сыйлаңыз дегім келеді.
Г.ТӨКЕНОВА,
№ 24 бастауыш мектеп-гимназиясының әлеуметтік педагогі.

 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓