«Кетсе де дүние жаңғырып, Абай есімі мәңгілік!»

абай
Елбасымыздың: «Заманалар ауысып, дүние дидары өзгерсе де, хал­қы­мыздың Абайға көңілі айнымайды, қайта уақыт өткен сайын оның ұлы­лығының тың қырларын ашып, жаңа сырларына қаныға түседі. Абай өзінің туған халқымен мәңгі-бақи бірге жасайды, ғасырлар бойы Қазақ елін, қазағын биіктерге, асқар асу­ларға шақыра береді», – деген өнегелі сөзі ақын мұрасының мәңгілік өсиет ретінде бағаланатынын айқын аңғартады.
Ал Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев «Абай және XXI ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласында «Жаңғыру – өткеннен қол үзіп, тек жаңа құндылықтарға жол ашу деген сөз емес. Шын мәнінде, бұл – ұлттық мұра­ларымызды бүгінгі оң үрдістермен үйлестіре дамытуды көздейтін құбы­лыс. Бұл ретте, біз Абайды айналып өте алмаймыз. Себебі ұлы ойшыл осыдан бір ғасырдан астам уақыт бұрын ұлтты жаңғыруға, жаңаруға, жаңа өмірге бейім болуға шақырған», — деді.
«Шын хакім, асыл сөзің баға жетпес, Бір сөзің мың жыл жүрсе дәмі кетпес» деп Мағжан Жұмабаев жырлағандай, Абай – қазақ поэзиясының падишаһы, құдіретті ақыны, қуатты таланты. Қазақстан Президенті осыған орай Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын республикалық деңгейде тойлау туралы шешім қабылдағанын білеміз.
сайт6
Лисаков қаласында ұлы ақын, ойшыл, қазақ халқының бірегей перзенті Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай «Кетсе де дүние жаңғырып, Абай есімі мәңгілік!» тақырыппен салтанатты шара өтті.
— Абайдың адам болу туралы ойларының рухани өзекті желісін жетерліктей танып білу біздің қастерлі міндеттеріміздің бірі. Сондықтан елімізде осы айтулы мереке аясында болып жатқан шаралардың қатарын біздің қаламыздың тұрғындары мен жастары да толықтыруда, — деді Лисаков қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Жанат Мырзабаева.
сайт7
Білім ордалары мен мәдени мекемелері, сонымен қатар бұқаралық ақпарат құралдары тынбастан Абайдың көз жетпес көкжиектей кең, теңіздей терең ойларын, алтындай асыл, қорғасындай салмақты сөздерін санамен оқып, жүрекпен қабылдап, өмірде бағдаршамдай пайдаланып келеді.
сайт5
 Жоғарыда айтылғандай, Лисаков қаласының әкімі Алмат Исмағұловтың қатысуымен #Абай175 челленджі өтті. «Мәңгі Абай», «Абай үні – халық үні» атты брейн-рингтер, викториналармен жалғасты. Ең басты мақсат – өткізілетін шаралардың өскелең ұрпаққа берер тəрбиелік маңыздылығында. «Адам болам десеңіз…» деп басталатын оқушылар мен жастар арасындағы көркемсөз оқу шеберлерінің байқаулары да өз жалғасын тапты.
сайт4
Абай атамыздың шығармашылығы – даналықтың, рухани жаңғырудың негізгі көзі. Абай – қазақтың, адамзаттың ұлы. Абай – қайта тумас бір әлем. Абай әлемінде қазақ халқының болмысы, жан азабы мен ой тереңдігі жатыр. Абай халықтан сарқылмас нәр алды. Ал халқы Абайдан өзінің биік тұлғасын көрді. Оған қарап ой түзеді, оған қарап бой түзеді. Халық пен Абайдың тұтастығы мәңгілік. Абайды әр жаңа ұрпаққа, әр пендеге қала берді, бүкіл адамзатқа жақындастыруға қадам жасау – әр қазақтың борышы деп білеміз.
сайт2
— Абайдың көркемдік, әлеуметтік гуманистік және дінге көзқарастары, терең зерттелмеген еңбегі – қара сөздері. «Естілердің айтқан сөздерін ескеріп жүрген кісі өзі де есті болады» деп ұлы ойшыл он тоғызыншы қара сөзінде айтып өткендей, біз де осы сөздерді оқып, жаттап, айтып философиялық тұрғыдан дами білдік. Абай тұлғасын елімізде ғана емес, шетелдерде де насихаттау – ол біздің байлығымызды, мәдениетімізді халықаралық деңгейге көтеріп оның ұлылығын асқақтату. Осы орайда Лисаков қалалық кітапханың ұйымдастыруымен Ресейдің Свердлов облысындағы Тавда округімен бірлесіп «Абай мен Пушкинді бірге оқимыз» атты фестивалі өтті. Оған екі тараптан да қатысушылар саны күннен күнге артып, мол қызығушылық танытты. Қалалық мұражайдың қызметкерлері апта сайын Абайдан қалған мол мұраға саяхат жасап, көрмелерін ұсынып келеді, — дейді ұйымдастырушылар.
сайт3
Күнтізбедегі мерекелердің қатарына Мемлекет басшысының бекітіп берген Абай күні қосылды. Лисаков қаласында бұл мереке Абай апталығымен ерекше аталып өтілді. Әлеуметтік желілерде рухани реформатор аталған Абай Құнанбайұлын арналған оқушылардың авторлық өлеңдері оқылды, «Абай әлемі», «Абай жолы» тақырыптарымен шағын көрмелер, бейнероликтер шығарылды, «Табиғат лирикасы» суреттер байқауы ұйымдастырылды,  газеттерде  мақалалар жазылып, теледидар мен радиода арнайы сюжеттер берілді.
сайт1
Жыл басынан бері Лисаков шаһарында хакімнің мерейтойына арналған 40 іс-шара ұйымдастырылыпты. Енді жыл соңына дейін ұлы тұлғаның есімін мәңгілікке қалдыру мақсатында өткізілетін іс-шаралар жалғасатын болады.
         Лисаков қаласы.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓