Ұландықтар жолдауды қолдайды

Президенттің билығы жолдауының мән-мағынасы өзгеше. Бұл дағдарыс кезінде халықты біріктіретін, қиындықтан шығудың  бағыт-бағдарын көрсететін  құжат  деп қабылдаймыз. Жолдауға үн қосқан Ұлттық ұландардың  пікірі осыған саяды. Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі" Жолдауын тыңдай отыра, әскери қызметкерлер талқылау өткізді. DSC_0160"Президент биылғы ауыр кезеңде әскери қызметшілердің атқарған жұмыстарына алғыс айтып, ризашылығын жеткізді. Ол дегеніңіз – Отанға деген шынайы сүйіспеншіліктің көрінісінің дәлелі. Кездесу барысында жолдаудың 11 тармағы талқыланып, офицерлер мен жеке құрамға талданып, түсіндірілді. Жолдауда ұтымды ұсыныстар, кесімді пікірлер мен нақты тапсырмалар жеткілікті. Басты артықшылығы осы, яғни, елдің талап-тілегімен үндестігі", — дейді  «Орталық өңірлік » қолбасшылығы қолбасшысының орынбасары Беляков Қанат Ерғалиұлы.DSC_0150"Жауынгерлер қиын кезеңде халықтың тыныштығын қорғап, өз міндеттерін адал атқарды. Бүгін 6697 әскери бөлімінің жеке құрамымен кездесіп, жолдаудың маңыздылығын айттық. Пандемия уақытында істеген жұмыстарына алғыста айттық.Алдағы уақытта жауынгерлеріміз еліміздің тыныштығын күзету жолында талмай еңбек етіп міндеттеріне адал болады деп сенеміз", — дейді «Север» кітапханасының директоры Разия Мұтарқызы.DSC_0162Жаңа Жолдауды жағымды бастамалар жиынтығы ретінде қабылдауға толық негіз бар. Оның жүйелі жүзеге асырылуы – ел ертеңінің кемелдене түсуінің кепілі.
 
Қымбат Шұғайып,
6697 әскери бөлімінің
бөлініс басшысы (кітапхана басшысы)

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓