Полицейлерге алғыс айтты

5 қыркүйекте Жангелдин ауданының полиция бөлімінің кезекші бөліміне Торғай кентінің тұрғыны оның сіңілісінің жоғалып кеткені туралы хабарлаған. Әйел адам полицейлерге туысының 4 қыркүйекте жұмысқа кетіп, сол күйі оралмағанын айтқан.скрнТәртіп сақшылары дереу іздеу шараларына кірісіп, бір тәулік ішінде 24 жастағы қызды көршілес Амангелді ауданынан тапты. Қыз Байғабыл ауылында құрбысының қасында болған. Белгілі болғандай, үйден кетуіне туыстарымен жанжалдасып қалуы себеп болған.
Айшагүл Ысмагұлова туысын іздеуге көмектескені полиция қызметкерлеріне үшін бейнежазба арқылы алғысын білдірді.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓