Жаңа мылтықтар сыйлады

Қостанайдағы мүгедектер спорт клубының мергендеріне заманауи мылтықтар мен тапаншалар сыйға тартылды.  Ол үшін облыстық бюджеттен 14 млн теңге бөлінген.аки
акка– Әрине, бұл үлкен қуаныш. Тіпті, не дерімді білмей отырмын, — дейді парапулалық атудан ҚР спорт шебері, ұлттық құраманың мүшесі, Азия ойындары мен Әлем Чемпионатының қатысушысы Айсұлу Жұмабаева. – Бұл – әмбебап  қару.  Мұнда электронды түсіру бар, мылтық реттеледі, ал қайтару мүлде Сезілмейді. Бір сөзбен айтқанда, бәрі тамаша!апапр
WALTHER lp500 олимпиадалық класқа жататын  ең жаңа пневматикалық мылтық. Спортшы оны бірнеше күн бұрын ғана алғаш рет қолына ұстап көрді. Бірден журналистеріне спорттық жаңалықтың қуаты мен жетістігін көрсетті. Тіпті, түсіру тобының көзінше Айсұлу тамаша нәтиже көрсетті. Тек, сырттағы әсерге берілмией,  нысанаға бейімделсең жетіп жатыр. Онсыз «құралайцды көзге ату» мүмкін емес.пф
Тапанша ату секциясының тағы бір сұрмергені  Жанат Омаровқа да жаңа мылтық тиді. Парапулалық атыс бойынша Ұлттық Параолимпиадалық комитеттің бас бапкері Абылай Шунаев Жанат пен  Айсұлуға үлкен үміт артады. Олар  аттары  аңызға айналған  мергендер — Сергей мен Галина Беляевтардың ізін жалғастырары сөзсіз.  Естеріңізге сала кетейік, Сергей Атланта-96 олимпиадасының екі дүркін күміс жүлдегері, ал оның жұбайы Азия ойындары мен әлем чемпионатының жүлдегері атанған.
— Айсұлу да, Жанат та Олимпиада алдындағы нормативтерді көрсетті, – дейді Абылай Шунаев. -Бүгінгі таңда Токиода өтетін Паралимпиада-2021-ге қатысу үшін тағы 14 тікелей лицензия қалып отыр. Біздің параспортшылар оларды жеңіп  алуға үмітті.  Лицензиялық жарыстар келесі жылдың мамыр айына  Перуден өтеді. па
Жалпы, мүгедектер спорт клубы үш тапанша мен төрт lg400 спорттық мылтықтарын сатып алды. Қаруды 130 жылдық тарихы  WALTHER компаниясы шығарған.  Енді бұдан былай тапаншалар мен мылтықтарға  деген қажеттілік жойылды.  Қаруды бөлудің қажеті жоқ, сондықтан жаттығулардың тығыздығы мен тиімділігі артады.кх
Облыстық мүгедектер спорт клубының директоры Абзал Уәлиев облыстық спорт басқармасының  басшысы Азамат Бегалинге қолдау көрсеткені үшін алғыс айтты. 
 
Әлібек ЫБЫРАЙ
Суреттерді түсірген Бердіболат КӨРКЕМБАЕВ

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓