Несиенің нәтижесі

Мемлекет жұмыс істеймін, жеке кәсібімді дөңгелентем деген азаматтарды үнемі қолдап келеді. Бұған ел ішіндегі шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған мемлекеттік бағдарламалардың септігі көп тиіп тұр. Жыл басынан бері облыста 140 кәсіпкер өкілі өз кәсіптерін  дамыту үшін қаржылық қолдауға ие болды.  Оның жалпы көлемі – 24 млрд теңге.  Без названия«Даму» Қоры бағдарламасының ережелері бойынша ақшаның бір бөлігін кәсіпкердің өзі төлейді, ал қалған   бөлігін жабуға  қор көмектеседі. Егер кәсіпкерде кепілге қоятын  қаражат жетіспесе, кепілдік алуға болады. Осы уақытқа дейін қордың 3,5 млрд теңге кепілдігін 104 кәсіпкер алған. «Даму» Қорының жергілікті филиалы ұйымдастырған баспасөз туры аясында қостанайлық тілшілер мемлекеттік бағдарламалар арқылы несие алып, жұмысын жандандырып отырған бірқатар кәсіпорынға бас сұқты.20200828_111422
      -Пандемия кезінде  ҚР Үкіметі шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау бағдарламасына бірқатар маңызды өзгеріс енгізді. Мәселен, несие пайыздық үстемақысы   жылдық 6% мөлшерлемемен біріздендірілді. Қазіргі уақытта ол 6%-ке тең. Яғни, кәсіпкер несиенің 6% жылдық мөлшерлемесін төлейді, айырмашылықты «Даму» Қоры субсидиялайды. Қазіргі уақытта Қор саудаға салынған инвестицияларды қоспағанда, экономиканың барлық салаларындағы кәсіпорындардың қызметін қолдап отыр. Бұл шаралар қазіргідей  дағдарыс кезеңінде бизнесті қолдау үшін үлкен мүмкіндік, – дейді «Даму» Қоры аймақтық филиалының клиенттермен жұмыс жөніндегі бас менеджері Елена Матвеева. 
        Өңірде  жеңілдетілген несие алғандардың арасында  арнайы киім және жеке  қорғаныс құралдарын тігетін «Азурит» ӨСФ компаниясы, сиыр етінен жартылай фабрикаттар дайындайтын  «TerraMeat» және «ДОГМА» ветеринарлық клиникасы бар. Кәсіпорындар сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау шеңберінде өнім өндіру көлемін және қызметтер ауқысын ұлғайтуға мүмкіндік беретін жабдық сатып алды.20200828_105123
       Ет өнімдерін өндіретін «TerraMeat» компаниясы өнім көлемін арттыруға ниетті. Бүгінгі таңда компания ет өнімдерін еліміздің он төрт  қаласына жөнелтеді. Сұранысты сапалы тауармен қамтамасыз ету үшін кәсіпорын банктік несие қаражаты бойынша жылдық 13% -пен 45 млн теңгеге жабдық сатып алды. Серіктестік несиені  жылдық 6%-пен төлейді, қалғанын  «Даму» Қоры өтейді.20200828_103402
      — Біздің компания 2018 жылы құрылған. Негізінен ет өнімдерін өндіреміз. «Бизнестің жол картасы» бағдарламасы арқылы несие алдық. Қолға тиген 40 млн теңге ақшаға  Ресей, Полша  және неміс өндірісінің тоңазытқыштарын, нан ысуға, ет тартуға арналған, тұшпара жасайтын жабдықтарды сатып алуға жұмсалды. Күніне үш тоннаға дейін өнім өндіреміз. Ең бастысы жартылай фабрикаттар өндірісі жолға қойылды, — дейді «TerraMeat» ЖШС сатылым бөлімінің басшысы Нұрлан Амантаев.20200828_104534
        Бүгінде кәсіпорында 35 адам жұмыс істейді. Барлық жұмыс орындары сақталды. Бір айта кетерлігі, карантин кезінде фирманың өнім өндіру көлемі азайған жоқ. Керісінше сұраныс артты. Нұрлан Амантаевтың айтуынша, пандемия кезінде кәсіпорын Шығыс, Орталық Қазақстан – Қарағанды облысының нарығына шыққан. Қазіргі таңда біз айына отыз тоннадай жартылай фабрикаттар өндіреміз. Мұның сыртында он алты тонна ет өнімдерін өз облысымыздың ішінде сатуға шығарамыз.20200828_103318
       Мемлекеттік қолдауға ие болғандардың бірі – «Азурит» ӨСФ компаниясы  жиырма жылдан бері арнайы киім, жеке қорғаныс құралдары мен мектеп формасын тігеді. Бүгінгі күні   кәсіпорын облыс, қала берді ел тұрғындары мен кәсіпорындарын сапалы өніммен қамтамасыз етіп отыр. Өндірістік қуаттылығын арттыру ұлғайту мақсатына қол жеткізу үшін компания банке  жүгінді. Осылайша 15% жылдық сыйақы мөлшерлемесімен жалпы сомасы 57 млн теңге несие алды.  Оның 9%-ін мемлекет «Даму» Қоры төлейді. Компания несиеге  тігін  тігетін машиналар сатып әкелді. Сондай-ақ, айналым қаражатын  толықтырды.20200828_112034
       -Өткен жылы тамыз айында біз жабдықтар алу үшін несие алдық. Бұл өндірістің өсуіне ықпал етті. Біз он бес тігін машина, пішуге арналған  бағдарламаны сатып алдық. Жұмысымыз алға басып, үлгіні жасау оңайырақ болды. 2018 жылы қолымызда жабдықтар жоқ кездің өзінде жылына 11 мың өнім, ал өткен жылы — 15 мың, ағымдағы жылдың басынан бастап 7 мың костюм және 280 мың  бетперде тіктік, — дейді компанияның комерциялық директоры Наталья  Токун.20200828_111520
        «Даму» Қоры кәсібін жаңа бастаған бизнесмендер мен стартапшыларға несие сомасының 85%-не дейін кепілдік береді. Олардың ішінде қостанайлық жас кәсіпкер Максим Падерин де  бар. Ол жақында ғана  жеңілдетілген несиеге қол жеткізді. Максим ашқан «ДОГМА» ветеринарлық клиникасы үй жануарларына кәсіби және білікті көмек көрсетеді. Клиникаға заманауи УДЗ-диагностика аппараты керек еді.  Бұл сканер Қостанайдағы ветеринарлық УДЗ нарығында жоқ. Кәсіпкер жеңілдетілген несие алу мәселесі үшін «Даму» Қорына жүгінген. Екінші деңгейдегі банк жобаны қолдап, 8 900 000 теңге көлемінде несие берді. Ісін жаңа бастаған кәсіпкердің өз кепілі болмағандықтан, қор несие сомасының 85%-не өз кепілдігін берсе, ал қалған 15%-ін бизнесмен өз қаражатынан қосты.20200828_115740
        -Клиниканы бес ай бұрын аштық. Қолымызда аздаған қаражатымыз болды. Бірақ заманауи ультрадыбыстық диагностика аппаратын сатып алуға ол жеткіліксіз еді. Біріншіден, жергілікті нарықта мұндай жабдық жоқ. Екіншіден, оның құны  9 млн теңге. Бұл біз сияқты жас кәсіпкер үшін өте қомақты сома. Ондай қаражат, әрине, қолымызда болған жоқ.  Содан «Даму» Қорының мемлекеттік қолдау бағдарламасы туралы естіп, несие алу үшін банке өтініш бердік. Банк өтінішімізді мақұлдады. Қор өзінің кепілдігін ұсынып, тиісті несиеге қол жетті. Бірден УДЗ жабдығына тапсырыс бердік. Жақында әкеледі, – дейді клиника басшысы Максим Падерин.
      Әлібек ЫБЫРАЙ
                                                                                                         Суреттерді түсірген автор

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓