Көмекке 75 аппарат

 IMG-20200901-WA0052       
Еліміздегі қауіпті індетпен күрес әлі жалғасуда. Бұған өңіріміздің кәсіпкерлері және облысымыздың дін қайраткерлері белсенділік көрсетіп, өздерінің азаматтық борыштарына адалдық танытып келеді.       Аймағымызға танымал «Олжа Агро» ЖШС мен қала, аудан бас имамдар қауымы ұйытқы болып, 30 тыныс алу оттегі аппаратын сатып алды. Бұл туралы облыстық мешіттің баспасөз қызметі хабарлайды.
IMG-20200831-WA0058
          — Олар өзге қандастарымызға жанашырлық танытып, «Бірлік бар жерде тірлік бар» екендігін іс жүзінде дәлелдеп, күллі жұртшылыққа өнеге көрсетті. Осындай қиын кезде халықтың жанынан табылу, оларға қолдан келгенше көмек көрсету саналы кісіге басты міндет болып табылады. Қазір облыс бойынша барлығы 75 оттегі аппараты сатып алынды. Осыған дейін 45 данасы берілген болатын. Енді міне тағы да 30 концентратор өңірдегі қала, аудандарға жеткізілетін болады, — деді облыстың бас имамы Бахытбек Нұрғабылұлы өз сөзінде.
IMG-20200901-WA0054

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓