Жолдау жаңалыққа толы

104332900_736546230442894_139087174679408504_nМемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың  Қазақстан халқына Жолдауы қазіргі жаһандық індетті ескере  мемлекеттің  одан әрі дамуына зор мүмкіншілік береді. Билік өкілдеріне ел экономикасының өркендеуіне ықпал ететін бірталай тапсырмалар ұсынылды. Тізбектей айтылған Жолдаудың әр бөліктерінен ел мүддесіне ең қажетті тұстары, әсіресе мемлекет қаржысынан үнемсіздікке  жол бермеу үшін, бірталай қосалқы лауазымдық қызметкерлердің  2021  жылы 15%-ға және жауапты хатшы лауазымының қысқартылатындығы оң шешім екендігі даусыз.
Осы уақытқа шейін халықты қатты толғандырып жүрген жер сатылымы болмайтындығын Президенттің жолдауында естіген халықтың  қуанышында шек болмайтындығы анық. Керісінше пайдаланылмаған ауылшаруашылық жерлерін экономикалық айналымға пайдалану шаралары іске асырылады.
«ҚазАгро»  және «Бәйтерек» ұйымдары біріктіріліп, «Даму қоры» құрылып, қызметкерлер саны 50% ға қысқартылатын болады. Бұл жағдай да ел қаржысынан артық шығын болмауына оң өзгеріс әкеледі деуге болады.
Сондай-ақ, мемлекет басшысы шағын және орта бизнесті қолдау қажеттігін баса айтып өтті. Сол себептен оларға субсидия берілу үшін, мемлекет қаржысынан 200 млрд теңге бөлінеді және бизнестің шағын және орта деңгейінің үлесін 35%-ға жеткізіп, осы саладағы еңбек етушілер санын 4 млн-ға жеткізу керектігін  атап өтті.
Қоғамдық институтын қолдай отырып, қоғам алдындағы ашықтығын қамтамасыз етуге жол ашатын  Қоғамдық бақылау туралы заңды әзірлеп, жыл аяғына дейін қабылдауды тапсырды.  Сонымен  қатар, қоғамдық кеңестерді құрып, оның құрамына түрлі әлеуметтік өкілдерді тарту керектігін,  сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі азаматтардың үнін тыңдау үшін зор мүмкіндік болатындығын айта келіп, олар ешқашанда назардан тыс қалмауы керектігін ескертті.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске қарсы жаңа тәсілдерді енгізу керектігін, 2021 жылдан бастап, мемлекеттік қызметшілердің, депутаттардың, судялардың шетел банктерінде есепшотқа ие болуы, қолма-қол ақша және бағалы заттардың сақталуына қатысты жемқорлықпен күрес аясында жаңа шектеулер енгізілу керектігін айтты және оны Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттіктің бақылауына ұсынды.
Елді қатты алаңдататын қылмыстық істерге қарсы заң тәртібіне де тың өзгерістер енетіндігі Жолдауда қозғалды. Атап айтқанда, жасөспірімдерге зорлық әрекетін жасаушы педофилдерге берілетін жаза қатаң түрде берілуі талап етіліп, «Бала құқығы конвенциясын» қолдай отырып, жасөспірімдерді қорлау, зорлық-зомбылық көрсету,  ғаламтор желісі арқылы баланы басқа жолға салып миын улайтын, соңы қайғылы оқиғаға жеткізетін  әрекеттерді болдырмау үшін бала құқығын қорғау заңын қатаң түрде қалыпқа келтіруін тапсырды.
Мұнымен қоса, мұғалімдер мен дәрігерлер де президенттің назарынан тыс қалмады. 2021 жылдан бастап мұғалімдердің еңбекақысы 25%-ға, ал дәрігерлердің еңбекақысы 2023 жылға қарай елдегі орташа еңбекақыдан екі есеге артатындығын айтты.
Барлық мәслихат депутаттары онлайн петиция арқылы қол жинап, жергілікті мәселелерді мемлекеттік деңгейде көтере алу мүмкіндігі болады. Сондай-ақ, халық пен жергілікті билік арасындағы тығыз байланысты қамтамасыз ету үшін жергілікті ауыл әкімдерін халықтың сайлауына ұсынды.
Жалпы айтқанда, мемлекет басшысының Қазақстан халқына жолдауында, елді толғандырып жүрген бірталай мәселе көтерілді деуге саяды. Жолдауды жіті тыңдай отырып, қоғам мен халықтың ахуалы, елдегі болып жатқан түрлі жағдайлар мемлекет басшысы назарынан тыс, бейжай қалмайтындығын аңғардық.
 
Әлмұрат Ахметов,
Жданов орта мектебінің директоры,
Қостанай ауданының маслихат депутаты
 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓