Жаңа мүмкіндіктерге жол ашады

альмираМемлекет басшысы Қ.Тоқаев өзінің биылғы халыққа арнаған дәстүрлі Жолдауында отбасылық-демографиялық салада жаңа саясат басталғанын мәлімдеді. Осыған байланысты арнайы бағдарлама қабылдау оның тиімділігін қамтамасыз етіп қана қоймайды, ол шараларды нақтылайды және осы шаралардың тиімділігне бақылау орнатады. Балалар, олардың қызығушылықтары мен әл-ауқаттары осы Жолдаудың басты нысандарының біріне айналды. Бұл білім беру мәселелеріне ғана емес, балалардың физикалық және психикалық денсаулығына да қатысты. Дәл осы отбасылық қатынастар саласындағы жағдай мемлекеттік жауапты органдар мен шенеуніктер жұмысының тиімділігін бағалаудың негізгі көрсеткіштерінің біріне айналуы керек. Заңнама біздің балаларымызды желідегі бұзақылықтан қорғайды. Сандық қауіпсіздік – бұл әлемде алдыңғы қатарда болуы керек нәрсе. ҚР Президентінің әкімшілігі жанынан құқық қорғау және сот жүйесін реформалау жөніндегі өкілетті комиссия құрылып жатыр. Мен үшін қоғамдық-саяси саладағы сұрақтарға жауап беру маңызды. Бұл салада айтарлықтай оң жылжулар көрсетілген. Елдің саяси тарихында бірінші рет адам құқығын сақтау мәселесі айқын көтерілді. Ал, адам құқығы – мемлекет үшін ең жоғары құндылық.
Жолдауда әлеуметтік, экономикалық, саяси тұрғыдағы маңызды мәселелер қамтылды. Университеттерді қысқарту бойынша атқарылған жұмыстар туралы да айтылды, ең бастысы елдегі университеттердің саны емес, білім сапасы. Сондықтан да, білім және ғылым саласына да жаңа нақты міндеттер қойылды. Мемлекет басшысы 2021 жылдың қаңтар айынан бастап мұғалімдердің жалақысын 25 пайызға көтеру туралы шешім қабылдады. Белгілі болғандай, еңбекақы мөлшері де келешекте арта бермек. Сонымен қатар, Жолдауда мемлекеттік аппараттың тиімділігін арттыруға да ерекше назар аударылды. Мемлекеттік аппарат мен квазимемлекеттік сектор қызметкерлерін қысқарту мерзімін жеделдетуді тапсырды. Биыл оларды 10 пайызға, ал келер жылы тағы 15 пайызға қысқарту керектігін жеткізді. Мемлекеттік аппараттың қысқаруына байланысты  қызметкерлердің жалақысы да өспек.  
Жалпы, Президент Жолдауы елдің саяси трансформациясы үдерісіндегі маңызды оқиға болды. Жолдауда көрсетілген әрбір тапсырма барынша күш жұмсауды қажет етеді. Өз басым маңызды құжатта көрсетілген шараларды толығымен қолдаймын. Облыстық мәслихаттың депутаты ретінде оларды жүзеге асыруға да барымды саламын. Әрбір қазақстандықтың әл-ауқатын жақсарту шаралары ерекше назар аудартады. Халықты құқықтық қорғауды жақсарту бойынша “Халық үніне құлақ асатын мемлекет” тұжырымдамасын іске асыру үшін ұсынылған шаралар да үлкен назар аударуды қажет етеді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауы біздің азаматтардың құқықтары мен бостандықтары мемлекеттің басты элементі мен құндылығы болып табылатындығын айқын көрсетті. Бұл құжаттың міндеті – уақыттан озу және қоғам мен азаматтардың қажеттіліктеріне жауап беру.
Альмира ЖАНСҮГІРОВА
Әулиекөл ауыл шаруашылығы колледжінің директоры
            Облыстық мәслихаттың депутаты

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓