Полициядан – смартфон

Қостанай облысы ПД Әкімшілік полиция басқармасының қызметкерлері "Мектепке жол" республикалық акциясы аясында 7-сынып оқушысына смартфон сыйлады.7efb8448-8dd3-475a-953f-e7dc5cb7b74cДиана облыс орталығындағы орта мектептердің бірінде оқиды. Ол қамқоршысымен бірге тұрады. Полиция қызметкерлері одан білім мерекесі қарсаңында не қалайтынын сұрағанда, Диана жаңа телефон қажет екенін айтқан. Оқушының өтініш-тілегінің төркіні түсінікті, өйткені биыл барлық сабақ онлайн режимінде өтпек.
"Қостанай облысының тәртіп сақшылары "Мектепке жол" акциясына жыл сайын қатысады, биыл да шет қалған жоқ. Әкімшілік полиция қызметкерлері бірлесіп, Дианаға жаңа смартфон сыйладық. Оның оқуға деген ынтасы бізді қуантты, — дейді облыстық Әкімшілік полиция басқармасының бастығы полиция полковнигі Андрей Григоревский.
Қыздың қамқоршысы Галина Федоровна полицейлерге көрсеткен көмегі үшін алғысын білдірді.
"Диананың ескі телефоны бар, бірақ онымен сөйлесу немесе сабаққа дайындалу қиындық тудыратын. Жаңа смартфон оған оқу қарсаңындағы өте жақсы сыйлық болды, — дейді ол.
Сондай-ақ, полицейлер отбасыға жеміс себетін сыйлады.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓