Олар қиындықты жеңе алады

Шілде айында ұлымыз екеуміз ауырып, ауруханаға түстік. Маған қойылған диагноз – екі өкпенің қабынуы. Жағдайым нашарлаған соң, жансақтау бөлімшесіне жатып шықтым. Білікті дәрігерлердің емі оң нәтижесін берді. Сондықтан, оларға мың алғыс!
Серік Бағдатұлы7
Провизорлық орталықта медицина қызметшілерінің аянбай жұмыс істеп жатқанына куә болдым. Дәрігерлерге ауыр. Бірақ, олар мойымай, қиындықты еңсеріп шығатынына сенемін.
Былайғы өмірде денсаулықты қадірін біле бермейді екенбіз. Мұнда бәрін түсінгендей болдық. Ақпарат құралдарында індеттен сақтану ережелері босқа айтылып жатқан жоқ. Оның бәрін орындау керек.
Елдігіміз осындайда көрінеді. Қиын кезеңде дәрігерлерді, науқастарды қолдаған жұрттың қарасы қалың. Аппарат сатып алуға ақша жинап, тегін тамақ тасып жүргендерді естіп жатырмыз. Мұндай игі істер бірлігімізді нығайта түсері анық.
Серік АБДУЛЛИН,
кәсіпкер

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓