Қоғамдық көліктің кестесі өзгереді

сайт 1

Бұдан былай Қостанай қаласындағы маршруттық автобустардың қозғалысы сағат 06.00-ден 21.00-ге дейін жүзеге асырылады. Коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі Өңірлік жедел штабтың отырысында аймақ әкімі бұл ұсынысты қолдады. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Сонымен қатар, азық-түлік емес дүкендердің иелерінен ұжымдық өтінішті қарау барысында Қостанай қаласының әкімі Қайрат Ахметов нысандарды аралап, санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтамаудың бірқатар фактілерін анықтады.

-Саудаға рұқсат берілген ғимараттар мен көшедегі сауда орындарының барлығында санитарлық қауіпсіздікті сақтау ара қашықтық белгілері жоқ. Кәсіпкерлердің рұқсат етілген тауарлардың ассортиментіне қосу арқылы қызмет түрлерінің бекітілген тізбесін айналып өту әрекеттері анқталды, олардың үлес салмағы тауарлардың барлық ассортиментінің 10%-нен аз. Дүкендерде әлеуметтік қашықтық сақталмайды, адамдардың шоғыры көп, ал қызметкерлерде бетперделер мен қолғаптар жоқ, — деді Қайрат Ахметов.

сайт555

Облыс орталығы әкімінің айтуынша, барлық сауда орындарында санитайзерлер бар.

Облыс әкімі Архимед Мұхамбетов бизнес субъектілеріне санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды қатаң сақтай отырып, алдағы карантинді жеңілдетуге дайындалу керектігін жеткізді.

-Бизнес субъектілері карантиндік шараларды бұлжытпай сақтаған жағдайда ғана жұмыс істей бастайды, ол үшін мониторингтік топтар алдағы 3 күн ішінде КВИ ауруының алдын алу бойынша талаптардың сақталуына бағалау жүргізеді, -деді облыс әкімі.

Осыған орай, кәсіпкерлерге ескертулерді жоюға уақыт беру туралы шешім қабылданды және санитарлық-дезинфекциялық режимді қатаң сақтаған жағдайда ауданы 500 шаршы метрге дейінгі азық-түлік емес дүкендердің қызметін жүргізуді шешу мәселесі 10 тамызында қаралатын болады.

сайт 222

Архимед Мұхамбетов қалалар мен аудандар әкімдеріне мемлекеттік органдармен бірлесе отырып, кәсіпкерлік субъектілеріне шектеу шараларын алып тастау және жұмыстың басталуына дайындық бойынша жан-жақты қолдау көрсетуді тапсырды.

сайт3

сайт2

 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓