Ауыл тұрғындары үшін

Қарасу ауданы Октябрь ауылында спорт кешені бой көтеруде. Жергілікті кәсіпкердің бастамасымен салынған аталмыш нысанның құрылысы аяқталуға жақын.
Біздің облысымызда береке бірлігі жарасқан ауылдар жетерлік. Осындай ауылдардың бірі – Железнодорожное ауылы. Мұнда нан бағасы 50 теңге, ал моншаға бару 80 теңге, жергілікті дүкендер сапалы ет пен сүт өнімдерін ғана сатады. Ал ауылдың үздік оқушылары ай сайын стипендия алып, оқу жылы аяқталғанда көтермелеу ретінде елордаға екі күндік экскурсияға тегін барады. Ауылда жас мамандарға арналған үйлер салынуда, аурухана жөнделіп, спорт нысандары бой көтеріп, жолдар жөнге келуде. Шағын ғана ауылда осыншама игі істердің атқарылып жатқаны қуантады. Мұндай бастамаға ұйытқы болып, ауылдың тірлігіне бей-жай қарамайтын жергілікті кәсіпкер Максим Артемук жайында көп дүние айтуға болады.
спорт кешен
Максим Федорович біздің облысқа ғана емес, одан да тыс жерлерге де танымал меценат. Қайырымдылық қызметі үшін оның еңбегі бірнеше рет жоғары деңгейде бағаланған еді. Өз елінің патриоты ретінде Максим Федоровичтің атқарып жатқан істері жетерлік. Ауылдың көркін арттырып, тұрғындардың әлеуметтік әл-ауқатын көтеру үшін қолдан келгенін істеуде.
Оның маңызды әлеуметтік жобаларының бірі ауқымы 1440 шаршы метр болатын көпфункционалды спорт кешенінің құрылысы еді. Нысанның іргетасы былтырғы жылдың көктемінде қаланды, содан бері жұмыс тоқтаған жоқ. Меценат бұл нысанды салуға шамамен 200 млн. теңге бөлген. Құрылыс жұмыстары әлі аяқталған жоқ, бірақ алдағы уақытта ауыл тұрғындары үшін тамаша спорт кешені болары сөзсіз.
Айтолқын Көкенәкиқызы

 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓