Оттан аман алып қалды

WhatsApp Image 2020-08-05 at 16.58.44

Рудный полицейлері өрт шыққан бес қабатты үйдің тұрғындарын құтқарып қалды. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Оқиға 4 тамыз күні түскі уақытта болған. Кеншілер қаласындағы Парковая көшесі бойында кезекшілік атқарып жүрген полицияның аға лейтенанты Жәнібек Ғыйлымханов пен аға сержант Нұрбек Есқабыл мінген автопатруль көп қабатты үйдің екінші қабатының балконы жанып жатқанын байқайды. Экипаж екіге бөлінеді: Ж.Ғыйлымханов от тұтанған пәтердің есігін қаға байтаса, оның әріптесі подъездегі барлық баспана иелерін сыртқа шығыңдар деп дабыл қағады.
«Балконы жанып жатқан пәтер жабық болған. Тәртіп сақшысы ішке кірген кезде кіреберісте 76 жасар зейнеткер әйелдің жерде жатқанын көреді. Кейуана шамасы ыстан тұншығып, шығар есікке дейін жетпей құлаған. Түтін баспана ішіне тез тарп кеткендіктен, зейнеткер қою түтіннен бағыт ала алмай қалса керек. Кейін белгілі болғандай, қарт әйел немересімен бірге тұрады екен, бойжеткен бұл кезде шаруаларымен үйде болмапты», — делінген баспасөз хабарламада.
Ал осы көпқабатты үйдің үшінші қабатында үш айлық бала болыпты. Ата-анасы подъезге шығайын десе, бала ыстан тұншығып қала ма деп қорыққан екен. Сол себепті, Жәнібек Ғыйлымханов балкон арқылы үшінші қабатқа көтеріліп, тұрғындардың көмегімен сәбиді далаға шығарады. Жалпы, бұл көпқабатты үйден отыздан астам адам қауіпсіз жерге шығарылыпты.
Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер қызыл жалынды өшірген. Оттың тұтануының алдын ала болжамы – балконға түскен темекі тұқылынан. Тілсіз жаудың қою түтіні бес қабатты үйге тез тарағандықтан, тұрғындар оның себебін анықтап болғанша, подъезд де түгел түтінге оранған. Ал полицейлер дер кезінде көмекке келіп, адамдарды құтқаруға үлгеріп отыр.

WhatsApp Image 2020-08-05 at 16.32.49

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓