ЖАҚСЫДАН – ШАРАПАТ

«Олжа Агро»  Агрохолдингі аудандық ауруханаларға 20 оттегі концентратын сатып әпереді. Сондай-ақ, компания үш Аудандық орталық аурухананы оттегімен қамтамасыз ететін болды.  849e0965-dd5e-4d0c-b0e2-772ecff4881f«Biz birgemiz» ұлттық жобасы аясында компания аудандық ауруханалардың пациенттерінің өмірін қолдауға көмектесетін Armed 8F-5 маркалы концентрат сатып алды.«Biz birgemiz дегенекі ауыз сөздің өзінде үлкен мән бар, — дейді холдингтің бас директоры Айдарбек Ходжаназаров. – Қиын уақытта біз бұған мұқтаж жандарға көмектесуіміз керек».e55d8be7-22d1-40f8-8151-69ce4cac5dcbКонцентрат көлемі-5 литр, олардың ресурсы-15 мың сағат. 8F-5 тыныс алу жолдарының ауруларын емдеуге арналған және науқастарға қосымша оттегі көзі ретінде ұсынылады. Құрал тіндерді оттегімен жақсы қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, гипоксияның көрінісін әлсіретеді, жүрек соғысын қалыпқа келтіреді және науқастың жалпы жағдайын жақсартады. Компания Федоров жне Тобыл  кентіне бес, Ұзынкөлге үш, Сарыкөл мен Алтынсарин ауданына екеуден, Меңдіқараға бір, тағы бір концентратор Б. Майлин атындағы ауданның ауруханасына беріледі.5c3002ee-3937-445d-8b3b-54925b947be7Өмірлік маңызы бар жабдықтар белгіленген жерге бүгін келіп түседі. Сондай-ақ, «Олжа Агро»  құрамында жұмыс істейтін азот-оттегі станциясы Федоров, Сарыкөл және Меңдіқара аудандарының ОАА оттегімен тегін қамтамасыз ететін болады. Айдарбек Ходжаназаровтың айтуынша, бір жарым ай ішінде АКҚ-ға ауруханаларды оттегімен үздіксіз қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін жаңа жабдық орнатылады. Бұған дейін  «Олжа Агро»  ЖШС Қостанай қалалық ауруханасына 10 концентрат ұсынды. Бұдан бөлек  қалалық аурухана мен облыстық психикалық денсаулық орталығына өкпенің оттегімен қанығу деңгейін бақылауға мүмкіндік беретін 12 пульсоксиметр – құрал сыйға тартқан еді.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓