Жаңа оқу жылына дайындық қалай?

Облыс әкімдігінде аймақ басшысы Архимед Мұхамбетовтің төрағалығымен  қала және аудан әкімдерімен селекторлық кеңес өтті.  Жиын барысында облыстық білім басқармасының басшысы Василий Цымбалюк баяндама жасап, 2020-2021 оқу жылының дайындық барысы талқыланды.
756f0134-459e-421f-899d-bd3dbae066ae
 –Облыс аумағында 492 мектеп жұмыс істейді. Жаңа оқу жылында оқушылардың алдын-ала контингенті 108,4 мың оқушыны, педагогтар-13 мың адамды құрайды. Қазіргі таңда ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2020-2021 оқу жылының басталуы туралы бұйрығы әлі шығарылмаған. Алайда, ағымдағы жылдың 14 шілдесінде Үкімет отырысы және кейінгі брифинг шеңберінде білім және ғылым министрі А. Аймағамбетов 2020-2021 оқу жылының 1 тоқсанында білім беру процесін ұйымдастырудың негізгі тәсілдерін белгіледі. Оқу жылын 1 қыркүйекте алыс ауыл мектептерін қоспағанда, барлық мектептерде, яғни өткен оқу жылының төртінші тоқсанының тәжірибесі бойынша бастау жоспарланып отыр. Сондай-ақ, ҚР БҒМ бастауыш сынып оқушыларына кезекші сыныптар ұйымдастыруды ұсынады (1-5 сыныптар). Облыстың білім беру саласының жаңа маусымның басталуына дайындығы туралы айта келе, жазғы кезеңде 1,4 млрд теңгеге 6 мың компьютер сатып алынды, бұл облыстың білім беру ұйымдарының компьютерлік паркін 50%-ға жаңартуға мүмкіндік берді. Сондай-ақ, бүгінгі таңда облыстың 492 мектебінің 480-і жоғары жылдамдықты интернетке қосылған (4 Мбит/с) немесе 97,6%. Бүгінде облыстық кәсіподақ қаражаты есебінен облыс педагогтарына ноутбуктер сатып алу мәселесі қарастырылуда, – деді облыстық білім басқармасының басшысы Василий Цымбалюк.
1575a5b6-7f21-49f6-9026-6435ac5a6f00
90f097c2-5612-4296-a800-ef941549f01b
Сондай-ақ, жиында энергетика және ТКШ басқармасының басшысы Дәурен Асқаров кондоминиум объектісін басқару және ортақ мүлікті ұстау туралы баяндады.
–Облыста 229 кондоминиум объектісі бар, олар 1973 көпқабатты тұрғын үйге қызмет көрсетеді. Сонымен қатар, заңнамада кондоминиумді басқарудың жаңа нысандары  мүлік иелері мен жай серіктестіктерді біріктіру көзделген. Бүгінгі күні ПИК жұмысы кондоминиум нысандарын күтіп ұстау және қызмет көрсету болып табылады. Олардың тұрғындары басқару органының қызметін төлейді. Кондоминиум объектісін басқару органдарының басым бөлігі бірнеше ондаған үйге қызмет көрсетеді. Бұл ретте осы үйлерді күтіп ұстауға тек бір шот ашады. Бұл пәтер иелеріне салынатын қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауға мүмкіндік бермейді. Осының бәрі біртіндеп тұрғындардың тұрғын үй қоры жағдайының нашарлауына наразылығын тудырады, – деді Дәурен Асқаров.
 Кеңес қорытындысы бойынша облыс әкімі қала және аудан әкімдеріне жаңа оқу жылына дайындықты сапалы жүргізуді тапсырды. Сондай-ақ, ТКШ мәселелері бойынша заңнамаға енгізілген өзгерістерді түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажет екенін айтты. 
 
Суреттерді түсірген Б.КӨРКЕМБАЕВ.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓