Еріктілер қауіпсіздікті қадағалайды

Жітіқара қаласында Шортанды өзенінің жағалауында Жастар ресурстық орталығының 23 волонтері судан адамды құтқару тәсілдерін үйренді.IMG-20200624-WA0032
IMG-20200626-WA0043Жаттығуды өткізудегі мақсат – судағы төтенше жағдай кезінде адамдарды құтқару және көмек көрсету әдістеріне машықтыру. Еріктілерге қалалық құтқарушылар жасағының тәжірибелі мамандары оқыту өткізді. Жастар жағалауда іздеу жұмыстарын жүргізу, суға батып бара жатқан адамды жағаға алып шығу амалдарын іс жүзінде жасап көрді. Құтқарушылар еріктілерге жаз және қыс кезінде жүргізілген адам құтқару оқиғаларын айтып беріп, апаттық-құтқару құрылғыларымен, түрлі құрал-жабдықтармен таныстырды. IMG-20200626-WA0058IMG-20200626-WA0064IMG-20200626-WA0065IMG-20200626-WA0084IMG-20200626-WA0076"Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев 2020 жылды "Еріктілер жылы" деп жариялады. Еріктілерді халықты әр алуан төтенше жағдайлардан қорғау, өрт қаупінен және суға бату қатерінен құтқаруға дайын болуға үйретудің көп мәні бар", — дейді Жітіқара қалалық ТЖБ бастығы А.Теміров.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓