Биылғы жаздың сәнді түстері

Сәнқой бикештеріміз үшін жылдың ең алтын кезеңі басталды. Демек, гардеробымыздағы киімдерді де жаңартатын уақыт келді. Психологтардың пікірінше, киім адамға тек сән беріп қана қоймай, одан бөлек оның көңіл-күйіне, мінезіне, ішкі жан дүниесіне де әсер етеді. Жаз маусымында ерекше әрі сәнді киіну үшін түстерді өзара үйлестіре білгеніңіз жөн. Бұл тұста сізге Итеннің «түстер шеңбері» көмек береді.463e409b-1989-470f-9cf3-59d939f610c4
Жыл сайын «Pantone» түстер институты жылдың тренд түстерінің тізімін жариялайды. Институттың вице-президенті Лори Прессман Лас-Вегас қаласында өткен Sourcing at Magic көрмесінде 2020 жылдың сәнді палитрасы теңіз түстеріне басымдылық бергенін айтқан болатын. Одан бөлек, салқын жасыл реңк пен құмды-ақ түстер де ерекше рөл ойнайтын болады. 2020 жылғы көктем мен жаздың сәнді түстері жарқын, балғын көрінеді, сонымен бірге 80 жылдардың түрлі-түсті сәнін еске түсіреді. Институт сарапшыларының пікірінше, бұл палитра классикалық дәстүрді жаңарта отырып, сән әлеміндегі тұрақтылық пен даралықты сақтайды. Пантон ұжымының мәлімдемесінше, палитра ең танымал 12 реңк және 4 классикалық нейтралды реңкті құрайды. Сіз бен біз асыға күткен көктем-жаз маусымының ең сәнді 12 түсінің топтамасы төмендегідей:cafd617e-f70f-4bac-8638-b2bf1f7eaee8
Flame Scarlet (жалынды қызыл)
2020 сәнді палитрасының шымлдығын жалынды қызыл түс ашады. Бұндай реңк ерлік пен батылдықты білдіреді. Бұл түсті гардеробыңызға қосар болсаңыз, жұрт назарынан қалыс қалмайсыз. Себебі, кез келген ортада жалынды қызыл сізді басқа сәнбикелерден ерешелеп тұрады.67b3f652-fa48-4f29-92b7-21c4408eb236
Saffron (шафран)
Көктемгі нәзіктікті, әсемдікті бейнелей алатын ең бір жарқын түс ол – сары. Иә, дәл осы себеппен көктемгі Пантон палитрасында бұл түс ерекше орын алады. «Шафран» сары-қызғылт сары реңктің ішіндегі ең таңдаулысы. Жарық және жарқындығының арқасында сіздің образыңызға өзгешелік қосады.ef858303-055e-454f-9fad-079dbb0c4ba9
Classic Blue (классикалық көк)
Пантон нұсқасы бойынша 2020 жылдың ең сәнді түсі – классикалық көк. Бұл түс өзінің әмбебаптығымен ерекшеленеді және  классикалық қара түсті алмастыруға ең қолайлысы. Классикалық көк – бұл үміт пен болашаққа деген сенімділіктің символы. Ең маңыздысы, бұл түсті көпшілігіміз ұнататын базалық гардеробта қолдана аламыз. Биылғы жылдың ең сәнді түсі төрт маусым бойы гардеробымыздың негізі түсі болмақ.49cebede-3de5-4a6c-89c8-bf1e9b52eaf6
Biscay Green (бискай жасыл)
Бискай жасыл – тропикалық жағажайлардың жылы, таза суларын еске түсіреді. Сергектікті білдіретін бұл түс жазғы демалыс жоспарларын елестеді және күн сәулесіне күйген денемізге айрықша жарасымдылық беретін болады.23329ec9-273d-4fc2-868b-3ad65daf35d1
Chive (Көк жуа)
Қазіргі уақытта бақша көкөністері біздің дұрыс тамақтануымыздың кепілі екеніне ешкім күмән келтірмес. Ал бақша жасыл түспен байланысты. Сондықтан Пантон ұжымы бұл жасыл түсті ең ерекше үйлесімдерде көруге дағдыланғандғыңызға сенімді. Осындай себептермен «Chive», яғни көк жуа түсі 2020 жылдың сәнді палитрасына енгізілді. Бұл түсті кез-келген жарқын түстермен тамаша үйлестіруге болады.8a8774e0-05af-4fac-83aa-4de87633f56d
Faded Denim (түссіз деним)
Түссіз деним – көгілдір түстің салмақты реңкі. Ол жайлылық пен сенімділікті білдіреді. Қазіргі таңда қанық көк түсті джинс шалбарлары ашық көк түстерге алмастырылуда. Және сәнді киінуді ұнататын біраз адамдардың жүрегін жаулап та үлгерді. Түссіз деним кез келген түспен үйлеседі, бірақ шафран және жалынды қызыл түстерімен айрықша жарқын болып көрінеді.20a95364-d7ca-42ac-b941-aceb8fdc3d13
Orange Peel (апельсин қабығы)
Сарапшылар бұл түстің соңғы 10 жылдықта үлкен танымалдылыққа ие болғандығын және сәнді аруларымыздың образдарында әрдайым кездескендігін айтады. Жазғы сәнді түстер палитрасында Пантон апельсин қабығының қайталанбастай жарқын реңктерін ұсынады. Бұл шафран түсіне қарағанда біршама қанық, бірақ дәл сондай жұмсақ әрі жылы реңк.bfdf953f-f96c-447f-8ed2-606fd8d33072
Mosaic Blue (көк мозаика)
Көк мозаика – 2020 сәнді палитрасындағы тағы да бір көк түсті реңктің бірі. Ашық және көгілдір түс құпияны, әсемдікті және сезім тереңдігін көрсетеді. Көк мозаика қызғылт, бискай жасыл, сұр және жарқын көк түстермен үйлеседі.c8b5082d-fab6-4c32-b5d7-88a645580bfb
Sunlight (күн сәулесі)
Нәзік пастелді сары күн сәулесі көктемнің шуақты күнінде жылы, көңілді және оптимизм сезімін береді. Образыңызды тартымды еткіңіз келсе, бұл түсті ашық реңкті түстермен үйлестіргеніңіз жөн.1ea18f15-3337-4801-a329-08cec17a937d
Coral Pink (маржан қызғылт)
2019 жылы үлкен танымалдылыққа ие болған тірі маржан түсінен кейін Пантон мамандары 2020 жылға осы түстің басқа реңкін, яғни маржан қызғылт түсті қосты. Маржан қызғылт түсі тірі маржан реңкінің көктемгі жұмсақтау нұсқасы.4c1ecc29-021a-4807-8abe-81a610b33d44
Chinnamon Stick (даршын таяқшасы)
Даршын таяқшасы – қоңыр түстің таза, жылы реңкі. Ол жарқын түстермен де, салқын түстермен де және пастелді түстермен де таңғажайып үйлесім жасауға көмектеседі. Даршын таяқшасы тәбет тартарлық даршын бәлішін еске салады.5a3e12d4-20a9-4915-ab4b-44724bf2d893
Grape Compote (жүзім компоты)
Көктем-жаз 2020 сәнді түстер палитрасын жүзім компоты аяқтайды. Бұл түс расымен де піскен күлгін жүзімнің түсіне қатты ұқсайды. Жүзім компоты монохромды киімідерде керемет көрінеді. Сонымен қатар сіз бұл түсті көктем-жаз палитрасындағы түссіз деним және көк жуа түстерімен біріктіре аласыз.526c0f35-98fa-4821-8e33-3c02397c9e9b
Дайындаған: Дүкенбай Назерке
Суреттер Pinterest қосымшасынан алынды

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓