Қылмыскерге үкім кесілді

Ерлікпен қаза тапқан полиция сержанты Дархан Базарбаевтың есімі халық жадында мәңгілік сақталары сөзсіз. Бүгін оның өліміне кінәлі Михаил Прокуратовқа үкім кесілді.images (1)
Түгел елдің жағасын ұстатқан қайғылы оқиға биыл 19 қаңтарда болған еді. Тобыл қаласында арнайы шақырту бойынша, отбасылық жанжалға араша түсуге полиция сержанты Дархан өзінің әріптесі Амангелді Сыздықовпен Комсомольский көшесіне барған. Ішімдікке тойып алған 28 жастағы бұрын істі болған басбұзар Михаил Прокуратов бүкіл отбасын өлтіремін деп шу көтерген. Пышақпен қаруланған оны ұстау кезінде Дархан оқыстан жарақат алады. Күдіктіні күресе жүріп қолға түсіріп, отбасыға қауіпсіз жағдай тудырған соң ғана ауыр жараланғанын сезген. Оқиға орнына келген "Жедел жәрдем" оның көз жұмғанын жеткізді. Дархан бар болғаны 25 жаста еді.main40255494_85e2468bcf7d8a090bfb89d25ed831b1
Бүгін ғана Дарханның өліміне кінәлі деп танылған Прокуратовқа үкім кесілді. Мамандандырылған ауданаралық сот қылмыскерді 19 жылға бас бостандығынан айырды.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓