Бұлақ суы ішуге жарамсыз

"Қостанай – адалдық алаңы" жобалық кеңсесінің және облыстық Экология департаментінің зертханалық-сараптамалық бақылау бөлімінің бірлескен мониторингі бойынша қаладағы бұлақ суларының сапасына арналған онлайн-конференциясы өтті.images (1)
            Сынақ нәтижесі бойынша, ауыз судағы нитраттар, фосфаттар, ауыр металдар және өзге де шекті жол берілетін концентрациялар тиісті көрсеткіштен асатыны анықталған. Бұдан басқа көктем, жаз айларында фосфаттардың, ауыр металдар мен басқа да заттардың көрсеткіштері үш есеге артқан. Мысалы, егер аммоний тобы қалыпты жағдайда литріне 45 миллиграммнан аспауы тиіс болса, жазда оның көрсеткіші 145-ке көбейген. Сарапшылардың айтуынша, бұл дегеніміз пайдалану үшін су сапасының толық сәйкес еместігін көрсетеді. 
"Біздің талдауымызға сәйкес суда ауыр металдар мен аммоний топтары басым. Түсінікті тілмен айтар болсақ, судың құрамында шаруашылық қалдықтары бар"- деп түсіндірді облыстық экология департаменті басшысының міндетін атқарушы Талғат Сәбиев. 
Сарапшылар қаладағы бұлақ суларын сүзгі арқылы өткізіп, қайнатса да ішуге мүлде жарамсыз екенін алға тартады. Ағзаға қауіпті заттар су құрамында сақталып, ағзаға зиян келтіруі мүмкін. Оның салдарын адам бірден байқамай, судың кесірінен ауырып қалғанын тіпті түсінбеуі де мүмкін.
"Мониторинг жүргізгенде бірде-бір бұлақтың суы сапаға сай келмейтінін білдік. Оған қарамастан адамдар шөлмектермен су алуды қояр емес. Бұлақ суындағы сапасыз ауыз су туралы ақпараттық көрсеткіштерді халыққа түсіндіру керек. Бұлақтарды су ішетін орын ретінде қолдануды тоқтату қажет" ­ — деп  сөзін қорытындылады "Қостанай — адалдық алаңы" жобалық кеңсесінің жетекшісі Анжела Әлжанова.
Айтолқын АЙҚАДАМОВА

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓