Тағы бір судың құрбаны

 PHOTO-2020-06-07-02-26-00

Сарыкөл ауданында әйел адам суға батып кетті. Бұл туралы облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің ішкі және сыртқы коммуникация тобы хабарлады.
«7 маусым күні 00.10-да Сарыкөл аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері іздестіру жұмыстары барысында су тоғанынан 1972 жылы туған әйел адамның мүрдесін тапты. Қайғылы оқиға ішімдік ішудің салдарынан болған. Сарыкөл ауданы Урожайный елді мекенінің тұрғыны жасанды көлдің жағалауына демалуға келген. Танысымен бірге ішімдік ішкен. Әйел өзі жалғыз шомылуға кетіп, батып кеткен. Оқиға орнында суға түсуге тыйым салуды ескертетін белгі қойылған», — делінген ақпараттық хабарламада.
Естеріңізге салсақ, 23 мамырда Науырзым ауданының Қожа ауылында 9 жасар бала суға кетті. 2 маусымда Федоров ауданының Владыкин ауылының 65 жасар тұрғыны көлден металл қайық үстінде  балық аулауға шығып, қауіпсіздік ережелерін сақтаумаудың салдарынан су құрбаны болды. Ал 3 маусым күні Қарасу ауданының Айдарлы ауылының шетіндегі жасанды су қоймасына 21 жасар жігіт батып қайтыс болған еді.      
Қостанай облыстық Төтенше жағдайлар департаменті азаматтарды суға шомылу кезінде қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауды ескертеді.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓