Жалған құжат жасап келген

фото 1111111

ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Қостанай облысы бойынша экономикалық тергеу департаменті Тобыл қаласы тұрғынының өз кәсіпорны атынан жалған мәмілелер жасап, сол арқылы мемлекетке ірі көлемде залал келтіргенін анықтады.

Айыпталушы 2017 жылы құрылтайшысы мен директоры болып табылатын өз фирмасын тіркеп, Тобыл қаласында кеңсе жалдаған. Клиенттер іздеу кезінде жалған шот-фактуралар рәсімдеу үшін қолма-қол ақшаға аударылған қаражаттан 3-5% көлемінде сыйақы ұсынған танысына жолықты.

Сол уақыттан бастап мүліктік пайда табу мақсатымен ол танысының ЖШС адресіне тауарларды іс жүзінде жеткізбей, жұмыстарды орындамай және қызметтерді көрсетпей жалған бухгалтерлік құжаттарды рәсімдеп келген. Мемлекетке 195 724 161 теңге сомасына өтелмеген салықтар түрінде залал келтірілді.

Қостанай аудандық сотының үкіміне сәйкес Тобыл қаласының тұрғыны ҚР ҚК 216-б. 3-б., 28-б. 5-б., 245-б. 3-б. қарастырылған қылмыстық құқықбұзушылықтарды жасағаны үшін айыпты деп танылды және 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасына тартылды.

Сондай-ақ, ол 3 жылға мемлекеттік және коммерциялық ұйымдарда, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында және материалдық жауапкершілікпен, ұйымдастырушылық-басқару, әкімшілік-шаруашылық, қаржылық және бухгалтерлік функциялармен байланысты мекемелерде лауазымдарды иелену құқығынан айырылды.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓