Ақ жол саған, жас түлек!

Биыл біздің елімізге ғана емес, жалпы әлем халқына, өзге де мемлекеттерге оңай тимегені рас. Президентіміз Қ.Тоқаевтың дер уақытында істі қолға алып, елде пандемия жариялап, шектеу қойғанының арқасында пәленің бетін қайырдық. Халық та тез бейімделіп, қашықтан оқып, жұмыс істеді. Әсіресе балалар бар түйсігімен осыны түсіне білгені мені ойландырып тастады. Мұғалім берген тапсырманы ата-анасымен біріге отырып, орындап жатқаны санасымен елдегі жағдайды түсіне білгені емес пе. Жасым сексеннен асса да, қырық жыл ұстаздық етсем де мен мұндайды көрмеген екенмін. Күн сайын елде болып жатқан жағдайға құлақ түріп, жаңалықтарды құр жібермей отырамын. Білім беру саласы, бүгінгі ағарту ісіне өзімше баға беріп қоятыным да бар. Ұстаз дегеніміз — мәңгілік. Осы мамандықты таңдаған соң өмір бойы ұстаз болып қаласың.
25 кккинаки
Қолдағы немерем сабақ оқуда қинала қоймады. Ауыл балаларына жеңілдеу болды, себебі көп ауылдар мектепке барып, қысқартылған режимде оқыды. Ал қала баласына үйде отыруына тура келді. Бірақ осы бір кезең арқылы үйдегі ата-ана ұстаздың, мектептің қадірін түсінген сияқты. Осы бір кезеңде мұғалімдердің еңбектері зор болды.
Енді биыл соңғы қоңырау да, мектеп бітіру кеші де мүлде болмаған форматта өткізілгелі отыр. Өзімнің жиен немерем мектеп бітіріп жатыр. Арнайы талаптарға сай өтетінін естідім. Олардың есінде осынау бір қадірлі күн осылайша есте қалмақшы. Бірақ менің биылғы түлектерге айтарым, өмірдегі ең басты құндылық ­­- білім. Қазір білім алудың жолы көп. Тек сол мүмкіндікті дұрыс пайдалана біліңіздер. Түлектерге ақ жол тілегім келеді, алдағы сынақтан қиналмай өтіп, білімдеріңді шыңдап, өмірде тек өз күштерің мен білімдеріңе сеніңдер. Абай аталарың да «Өзіңе сен, өзіңді алып шығар, Еңбегің мен ақылың екі жақтап» деп бекерге айтпаған.
Көкенәки Әбділдин,
ҚР Білім беру ісінің үздігі,
ардагер ұстаз.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓