Зауыттың екінші тынысы

2018 жылдың соңында Рудныйда көптен күткен цемент зауыты іске қосылды. Бастапқыда бірнеше мың тонна өнім шығарған кәсіпорын, өкінішке қарай, жоспарлаған өндіріс қуатына қол жеткізе алмады. Қайтадан жөндеу жұмыстарына байланысты тұралап қалды. Бүгінде серіктестіктің жаңадан тағайындалған директоры Ербол Тойбаев зауыттың екінші тынысын ашты.IMG_5277
IMG_5264Апта басында Рудный қаласы әкімінің орынбасары Денис Петрухно  цемент зауытына ат басын тіреп, жаңа басшымен кәсіпорынның аяқалысы мен келешегі, өндіріс көлемі, техникалық және экономикалық көрсеткіштері туралы әңгімелесті.
Ербол Тойбаевтың айтуынша, соңғы жарты жылда пешке ауқымды жөндеу және жаңғырту жұмыстары жүргізілген. Қазіргі уақытта технологиялық үрдісті атқаруға шамамен 60 адам тартылған. Зауыт жылына 500 мың тонна цемент шығаратын өндірістік қуаттылыққа жеткенде, қызметкерлер саны үш есе артады.
– Бізде цементтің үш түрлі маркасы шығарылады – 400Д0, 500Д0 және минералды қоспалары бар сульфатқа төзімді 400Д20. Олардың сапасы бәсекеге қабілетті болу үшін техникалық бақылау бөлімінің қызметкерлері өндіріс процесінде 38 рет сынама алады. Сонымен қатар, Bocedi Pallet атты италяндық автоматты қаптау желісі цементті зор сұранысқа ие 10 және 25 келілік қаптарға қаптай алады, – дейді директор.IMG_5296
Барлық құрылыс жұмыстарына, соның ішінде жолдарды жөндеуге жарамды рудныйлық цементтің тағы бір артықшылығы бар. Зауыт өнімді тапсырыс берушілердің барлық өтініш-талаптарын ескере отырып шығарады.IMG_5297
Ербол Ерланұлыәкім орынбасарына білікті мамандар қабылдау жүргізіліп жатқанын мәлімдеді. Зауыттың қуаттылығы артқаннан кейін ақылды үйлерге арналған түрлі бетон жабындылар шығару, бетонды кәріз және сумен жабдықтауға пайдалану сияқты қайта өңдеу мәселесін қолға алу жоспарлануда. Бірақ бұл жұмыстар алдағы екі-үш жылдың еншісінде.IMG_5310
Бүгінде цемент зауытының тағдыры оның құрылтайшыларын да, қала басшылығын да толғандырады. Кәсіпорын қайта іске қосылды. Енді жаңа жұмыс орындары пайда болып, салық аударымдары да артпақ. Бұл, өз кезегінде, барлық рудныйлықтардың әл-ауқатын жақсартуға оң әсерін тигізетіні сөзсіз.IMG_5275
Қуаныш ЕСҚАБЫЛ

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓