Отан қорғаушылар күнімен!

Құрметті қостанайлықтар!
Сіздерді Отан қорғаушылар күнімен құттықтаймын!
1992 жылдың 7 мамырында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Жарлығымен Тәуелсіз Қазақстанның жауынгерлік қабілетті қалқаны – Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері құрылды.
Қарулы Күштердің әскери қызметкерлері еліміздің егемендігі мен азаматтарымыздың тыныштығын көздің қарашығындай сақтайды.
Пандемия жағдайында әскери қызметкерлерге қазақстандықтардың денсаулығын тиімді қорғау жөніндегі міндеттер қосымша жүктелген.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Жарлығына сәйкес біздің облыста коронавирустық инфекцияға қарсы күресте алдыңғы қатарлы қызмет атқарып жүрген әскери міндеттілер қатарынан азаматтардың арнайы жиыны жарияланды.
Сонымен қатар, төтенше жағдайда әскери қызметкерлермен бірге медицина қызметкерлері және ішкі істер органдарының қызметкерлері адамдардың қауіпсіздігін жан-жақты қамтамасыз етеді.
Біздің бейбіт өміріміз бен тыныштығымыз үшін аянбай еңбек етіп жүргендерге шын жүректен ризашылығымды білдіремін.
Құрметті жерлестер!
Біздің бірлігіміз бен ұйымшылдығымыз барлық қиындықтарды жеңуге көмектеседі! Туған жердің тұрақтылығы мен өркендеуі әрқайсымызға байланысты!
Баршаңызға денсаулық, жақсылық, табыс және ашық аспан тілеймін!
Қостанай облысының әкімі А. Мұхамбетов

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓