Ниет тазалығы – имандылық мұраты

Рамазан айы – береке мен жақсылыққа толы ай. Бұл айда – Құран молынан оқылып, дұғалар көп жасалады. Рамазан айына тән жарасымды да сауапты амалдар мол. Сонымен қатар осы күндері көңілі қаяу мұқтаж адамдар мен мүкедектер көбірек көмек – қолдауды қажет етеді. Сондықтан да мұндай мұқтаж жандарға қайыр – садақа үлестіріп, көңілдерін көтеріп, мейірімділік пен жомарттық танытқан мақұл.
Осы орайда, «Каменскуральское» ЖШС-і жыл сайын рамазан айында қоғамдағы әлеуметтік ахуалы төмен жандарға тиісінше көмек көрсетуге тырысады. Атап айтқанда, өткен рамазан айында «Каменскуральское» ЖШС-нің ұйымдастыруымен тұрмысы төмен  20-дан астам отбасына ақшалай қайырымдылық көрсетілді. Ал биыл мүгедек жандар мен Каменскорал орта мектебінің оқушыларына азық-түлік қоржыны таратылып, тәтті-дәмділер берілді. Пандемия кезінде халықтың біраз бөлігі жұмысынан, табысынан айырылды. Азық-түлікке зәру боп қалған көпбалалылар, денсаулығы нашар жалғызбасты қариялар мен мүгедек азаматтар бар. Шаруашылық серіктестігінің жұмысшылары сол адамдардың үйлеріне барып, азық-түлік таратты. «Басты мақсат – игі істі көрсету арқылы халықты мұқтаж адамдардың мұңын бөлісуге шақырып, көмек қолын созуға үндеу», дейді «Каменскуральское» ЖШС-нің басқарушысы А.Сарбасов.
– Каменскорал орта мектебінің директоры А.Құсаинова пен мектеп ұжымы атынан балаларға жасаған қамқорлығы мен көрсеткен көмегі үшін шаруашылық басшысына алғысымыз шексіз, осындай игі істердің сауабы мол болсын, – дейді директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары З.Ахметова.
IMG20200429113120
IMG-20200429-WA0023

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓