Соңғы шешім 4 мамырда қабылданады

Қостанай облысы кәсіпорындарының қызметін қайта бастау жөніндегі соңғы шешім 4 мамырда қабылданады. Бұл туралы Қостанай облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
МұхамбетовҚостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов коронавирустың таралуын болдырмау жөніндегі облыстық штаб отырысында карантиндік шектеу шараларын кезең-кезеңмен жеңілдету туралы айтты. 

Бүгінге дейін өңірде COVID-19 диагнозымын 49 адам тіркелген,оның ішінде 1 жағдай өліммен аяқталды.

Облыс әкімі қабылданған шаралардың арқасында жұқтырғандар санының күрт өсуіне жол берілмегенін атап өтті.

Архимед Мұхамбетов облыстағы эпидемиологиялық жағдайға байланысты 2020 жылдың 4 мамырынан бастап қызметін қайта бастау жоспарланып отырған нысандарды атап өтті. Олар:

— санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдарының мониторингінен кейін шаштараздар, сұлулық салондары (тек алдын ала жазылу бойынша), моншалар мен сауналар (бассейндердің жұмысынсыз);

— автосалондар, гүл дүкендері мен павильондар, фотосалондар, фотоателье, жылжымайтын мүлік агенттіктері;

— электрлі тұрмыстық техниканың ірі дүкендері.

Бұл ретте, көлік қатынасы, оның ішінде жеке автокөлікпен жүруге тыйым салу ішінара алынып тасталады.

«Сонымен қатар, карантиндік нормалар бұзылған жағдайда объектілер жабылатын болады», деп атап өтті өңір басшысы.

Жоғарыда аталған кәсіпорындарының қызметін қайта бастау жөніндегі соңғы шешім 4 мамырда қабылданады.

Карантиндік іс-шараларды жеңілдету жөніндегі іс-қимылды жергілікті жерлердегі нақты жағдайға байланысты өңірлік жедел штабтар жүргізеді.

Алайда аталған жеңілдетулер Жітіқара ауданына қатысты емес. Өңір басшысы енгізілген жеңілдіктер біз қолданатын сақтық шараларына әсер етпеуі тиіс екенін атап өтті.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, Қазақстандағы аурудың шыңы әлі жеткен жоқ және санитарлық нормаларды бұдан әрі сақтамаған жағдайда біз аурудың жаңа толқынымен ұшырасуымыз мүмкін», деді А.Мұхамбетов.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓