Төрт көлікпен толықты

Әулиекөл аудандық ауруханасының бас дәрігері Сергей Шульгиннің айтуынша, жақында ауруханаға аймақ басшысының тапсырмасымен облыстық денсаулық сақтау басқармасы 4 “УАЗ” жедел-жәрдем көлігін тапсырды. Енді басы ауырып, балтыры сыздаған әсіресе ауыл тұрғындарына уақытылы  медициналық көмек  жасалатын болды.  
-Бір көлік Новонежин ауылына берілді. Ағымдағы жылдың қаңтар айында аудан әкімінің халыққа есеп беру жиынында аталған ауылдың бір тұрғыны осы мәселені көтерген болатын. Бұған облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы уәде еткен еді. Міне, сол уәдесінде тұрып бір көлікті осы ауылға берді. Ал екінші көлік Аманқарағай амбулаториясына, қалған екеуі аудандық ауруханаға берілді, — дейді бас дәрігер С.Шульгин.

 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓