Ем үшін 15 мың теңге

Медициналық сақтандыру қорының Басқарма төрағасы Айбатыр Жұмағұлов, пациенттің карантиндегі стационарда болған бір күні үшін Қор медициналық мекемеге 10 414 теңге төлейтіндігін,  провизорлық ауруханадағы 1 күніне бюджетке 11 620 теңге, ал тәулік бойы стационардың инфекция бөлімінде емделуі 15 113 теңгеге түсетіндігін  хабарлады.
Қазақстанда Covid-19-дың алдын-алу іс-шараларына республикалық бюджеттен  55,9 млрд теңге бөлінді. Оның ішінде инфекциялық, провизорлық және карантиндік стационарда жатқандардың еміне 14,7 млрд теңге жұмсалған, диагностикалық зерттеулерге — 5,4 млрд теңге, коронавируспен күресіп жатқан медицина қызметкерлеріне үстемеақы ретінде 35,8 млрд теңге бөлінді.
-Естеріңізге сала кетсек, Қостанай облысында COVID-19 вирусымен күреске жұмылдырылған медицина қызметкерлеріне наурыз айында жалпы сомасы 51 млрд теңгеден астам үстемақы төленді. Бүгінде облыста 29 сәуірдегі жағдай бойынша коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 45, ал 3 адам емделіп шықты, 1 адам қайтыс болды, — дейді Қордың облыстық филиалының директоры С.Аймұхамбетова.

 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓