Жаңа аппаратпен қамтамасыз етті

“Көліктік сервис орталығы” акционерлік қоғамы облыстық ауруханаға жалпы құны 3,5 миллион теңге болатын өкпені жасанды желдету аппаратын сыйға тартты.
Бүгінде аймақтың емдеу мекемелерінде екі жүзден астам өкпені жасанды желдету аппараты бар. Дегенмен, оның бір бөлігі техникалық күтімді қажет етеді. Бұған қоса, облыс әкімдігі тағы 40 жаңа ӨЖЖ аппаратын жеткізуге келісім-шарт жасасқан көрінеді, алғашқы легі 15 мамырға дейін жеткізіледі деп жоспарлануда. Ал, акционерлік қоғам сыйға беріп жатқан аппараттың артықшылығы жоқ дейді мамандар.
-Бұл аппараттың батареясы бар, сондықтан оны тасымалдап жүруге де болады. Ол өкпені әр түрлі желдету режимінде жұмыс істейді. Заманауи талаптарға жауап береді, — дейді облыстық аурухананың бас дәрігері Ю.Моисеев.
Аталмыш акционерлік қоғам осындай аппараттарды Атырау, Қарағанды, Павлодар, Шымкент және Нұр-сұлтан қалаларындағы медициналық мекемелерге де тапсырған көрінеді.

 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓