ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫ ӘКІМІ АРХИМЕД МҰХАМБЕТОВТЫҢ ҮНДЕУІ

Қымбатты қостанайлықтар!
Біздің облыста 3 күн бойы COVID-19 жұқтырудың бірде-бір оқиғасы анықталған жоқ. Бұл шағын болса да оң нәтиже. Бұған біздің облысымыздың әр тұрғынының шыдамдылығы мен парасаттылығының арқасында қол жеткіздік. Сіздердің әрқайсыңызға жеке жауапкершілік пен шектеулерді сақтағаныңыз үшін шын жүректен алғыс айтамын.
Құрметті қостанайлықтар!
Кеше Қазақстан Республикасының Президенті Қ.-Ж. К. Тоқаев елдегі коронавирус бойынша қазіргі жағдай туралы мәлімдеме жасады. Карантиннің шектеу шараларын кезең-кезеңмен жеңілдету тапсырылды.
Біздің облыста қалыптасқан жағдайды ескере отырып, карантин режимін үш кезеңде жеңілдетуді ұйымдастыру туралы шешім қабылданды. Бүгінгі күннен бастап қаржы және сақтандыру секторының, автожуу, тұрмыстық және ұйымдастыру техникасын жөндеу шеберханаларының жұмысы қайта басталды. Бұдан басқа, сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін аула алаңдарында серуендеуге рұқсат етілген. Бұл ретте, Сіздің қауіпсіздігіңіз үшін аумақтарды дезинфекциялау қамтамасыз етіледі.
Облыстағы эпидемиологиялық жағдайға байланысты алдағы уақытта жұмысты бастайтын ұйымдардың қосымша тізбесі анықталатын болады.
Әсіресе қостанайлықтарды алаңдататын мәселе саяжайға шығу болып тұр. Әрбір өңірде шешімді сол аймақтың әкімі басқаратын жедел штаб қабылдайды. Мысалы, Рудный және Лисаков қалаларында саяжай учаскелеріне баруға рұқсат етілген,бірақ бірқатар шектеулер бар. Қостанайда бүгіннен бастап жеке автокөлікпен 6.00-ден 8.30-ға дейін саяжайға баруға және 18.00-ден 20.00-ге дейін саяжайдан қайтуға рұқсат етіледі. 1 мамырдан бастап ТЖ кезеңінде саяжай маршруттары жұмыс істей бастайды, жол жүру тегін болады.
Босаңсуды енгізу санитарлық нормалар туралы ұмытуымыз керек дегенді білдірмейді. Жақында ашылатын ұйымдарға қызметкерлердің қауіпсіздігі үшін де, клиенттер үшін де үлкен жауапкершілік жүктеледі.
Құрметті жерлестер, сізден әрі қарай барлық қажетті санитарлық нормаларды сақтауды сұраймын. Өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыз. Мен жалпы күш-жігерімізбен осы вирустың таралуына жол бермеу және жеңе алатынымызға шын жүректен сенемін.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓