Сән-салтанатымен шығарып салды

Бүгін Қостанайда коронавирустық инфекцияның таралуына  жол бермеу мақсатында қолға алынған  іс-шараларға  септігін тигізе келген жамбылдық  сарбаздарды шығарып салу рәсімі өтті. Қоштасу сәтінде қызметін атқару кезінде ерекше көзге түскен сарбаздарға мақтау грамоталары табыс етілді.
43b387cb-540f-4162-819e-57201ab10c315335773e-cd66-41b0-b887-24a4ca0278f3
Аталмыш шараға Қостанай қаласы әкімінің орынбасары Рүстем Қаркенов, Қостанай облысы Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің басшысы  Артур Қаракөзиев, Қостанай ауданы әкімінің орынбасары Рүстем Садықов қатысты.
–Коронавирус індетімен күресуде халыққа жасаған еңбектеріңіз үшін Қостанай қаласы әкімі Қайрат Ахметовтың атынан алғыс білдіремін. Қостанайға Жамбыл облысынан 150 әскери қызметкер келді. Жүз сарбаз облыс аумағындағы блок-бекеттерді күзетті. 50 сарбаз қала ішінде залалсыздандыру жұмыстарын  жүргізуге жұмылдырылды. Олар қоғамдық көліктер, спорттық алаңдар, подъездердің кіре берістерін дезинфекциялады, – деді Рүстем Қаркенов.
6b868ed4-c67a-4dd9-8785-cd32f9c7d330
 Шара барысында жиналғандар жамбылдық сарбаздарға жылы лебіздерін білдірді, олармен  қосыла  «Мен қазақпын», «Ұлы дала» сынды патриоттық әндерді шырқады.
6a539dbc-e1d5-47d6-9356-84948e35eb293ab086c6-0ff8-496e-bdfa-bde26fbeaf38
Тобыл өңірінің тиыштығын сақтауға жұмылдырылған жігіттер болса, қостанайлықтардың аңқылдаған  көңілі мен қонақжайлылығына ризашылықтарын білдірді.  
– Індеттің алдын алу жұмыстарына сәуір айының басынан жұмылдырылдық. Бізге   төтенше жағдай талаптарын бұзғандарды тәртіпке шақыру, дезинфекция жұмыстарын жүргізу жұмыстары жүктелді. Жұмысымызды алаңсыз жүргізу үшін бізге барлық жағдай жасалды. Қостанайлықтарға осы үшін алғысымызды білдіреміз, – дейді жамбылдық сарбаз Ерболат Қазыбаев.
 
 
Суреттерді түсірген Б.АХМЕТБЕКОВ.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓