Қайырымдылық – қастерлі қасиет

Рамазан игі істерді барынша көптеп жасайтын ай. Өйткені, бұл айда жасалған әрбір жақсылық үшін берілер сауап та көлкөсір. Осы орайда, қайырымдылық істерге  өз үлесін қосып, халыққа үлгі көрсетіп жүрген ел азаматтары да баршылық. Мәселен, Қостанай ауданындағы Жамбыл ауылдық мешітінің бас имамы Жасұлан Бекмағанбетовтың ұйымдастыруымен Медет Байзақов, Рүстем Бейішов, Баскен Жолдыбаев, Абай Жүсіпов, Серік Жұмабаев, Арман Сақыпжанов бастаған бір топ жігіттер қасиетті айдың құрметіне және “Біз біргеміз” акциясы аясында тұрмысы төмен отбасыларға, көпбалалы аналарға, мүмкіндігі шектеулі жандар мен жалғыз ілікті қарияларға азық-түлік пакеттерін таратуда.
жамбыл ауылыБұл жігіттердің былтыр да Жамбыл ауылындағы Алла үйінің бой көтеруіне атсалысып, үлкен сауапты іске мұрындық болғанын да айта кеткен жөн. Жомарт жігіттер мұндай игі істі ораза біткенше жалғастырмақ ниетте.
жамбыл
-Алладан әр ісінің жақсылығын сұраушы мұсылман қауымы әрдайым сауапты істерге асығады ғой. Біз де осы қасиетті айда қайырымдылық істерден құр қалмайық деп жағдайы төмен отбасыларға азық-түлік таратып, аз да болса көмек қолымызды созуды жөн көрдік. Әрі қазіргідей қиын-қыстау кезеңде бір-бірімізге көмектесуіміз керек. Қайырымдылық жасау үшін бай болу шарт емес. Ең бастысы, шын жүректен, адал ниетпен жақсылық жасай білсең болғаны. “Көп түкірсе — көл” деген, осылай жұмыла кіріссек алынбайтын қамал да жоқ. Тек, жамбылдықтарға ғана емес, карантин аяқталған соң қала маңындағы басқа да ауылдарға да шығып, жағдайы төмен отбасыларға азық-түлік апаратын боламыз. Қайырымдылық шарасын оразаның соңына дейін жалғастырамыз. Ең бастысы, еліміз тыныш, халқымыз аман болып, карантин тезірек аяқталып, бұрынғы мамыражай өмірімізге оралсақ екен, — дейді Р.Бейішов.
жамбл3
Иә, Пайғамбарымыз (с.ғ.с) “Кімде-кім Рамазанда Алла үшін кішкентай бір жақсылық жасаса, басқа айларда парыз өтегендей сауап алады” деген екен. Сондықтан осы айда барынша қайырымдылық пен жақсылық жасауға тырысайық!

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓